«ДУАЛЬДЫҚ ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІ БОЙЫНША ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ӨЗГЕЛЕРГЕ ҮЛГІ» - НҰРЖАН ӘЛТАЕВ
Бұл туралы бүгін «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған «Техникалық және кәсіби білім: әріптестермен қарым-қатынас және болашағы» тақырыбында өткен дөңгелек үстелде басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев айтты.
Жасырын емес, бүгінгі таңда бизнес өкілдерімен көтеріліп отырған маңызды мәселелердің бірі – кадр тапшылығы. Осы ретте, Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасымен өңірде дуальдық оқыту жүйесін енгізу және жүзеге асыру бойынша нәтижелі жұмыстар жүргізілуде.
Атап айтқанда, республикалық дуальдық оқыту картасына аймақтан 17 колледж енгізіліп, 660 студентті әзірлеуге кәсіпорындармен 40-тан астам келісім-шарт жасалды.
Аймақтың дуальдық оқыту жүйесі бойынша жетістігі ретінде Кәсіпкерлер палатасы мен облыстық білім басқармасының және Қызылорда индустриалды-техникалық колледжінің бірлескен әріптестік жұмысының нәтижесінде республика көлемінде тұңғыш рет бірлескен корпоративтік басқару жобасының жүзеге асырылып жатқандығын айтуға болады. Аталмыш жобаны жүзеге асыру барысында Сервис пен қызмет көрсету саласындағы кәсіпкерлер Қауымдастығы құрылды. Қауымдастық құрамына «Фирма Бест Сервис ЛТД» ЖШС, «K-Group LTD» ЖШС, «РАИМ» ЖШС, «Фотон» ЖШС енген. Бүгінде бағдарлама аясында оқып жатқан студенттер аталмыш кәсіпкерлік нысандарында өндірістік білім алып, кәсіби тәжірибеден өтуде.
Мұнан өзге, корпоративтік басқару аясында аймақ кәсіпкерлері Қызылорда индустриалды-техникалық колледжінің материалдық-техникалық базасын жаңғыртуға аса көңіл бөлуде. Мәселен, Өңірлік кеңес төрағасы Асқар Махамбетов оқу орнын күрделі жөндеуден өткізуге қажетті жобалық-сметалық құжатты өз қаржысына әзірлеткізіп, нәтижесінде бүгінде облыстық бюджеттен қаржы бөлінді. Студенттер жаңа оқу жылын күрделі жөндеуден өткен оқуда қарсы алмақ.
Мұнымен қоса, Өңірлік кеңес мүшесі Мұрат Тоқмұрзиев Алматы менеджмент университетімен бірге колледждің 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарын әзірлеуде.
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі