ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕРІ ӨЗІНДЕ ҚАЛДЫРЫЛДЫ
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы Шиелі аудандық филиалының директоры Рысбай Нысанханов мәлімдегендей, мұндай нәтижеге кәсіпкерлікті қолдау орталығының сервистік қызметі аясында қол жеткізілді.
Оның айтуынша, «Байсын» шаруа қожалығының басшысы Кәсіпкерлер палатасына келіп, құқығын қорғау жөнінде көмек сұраған. Кәсіпкер кездескен қиындық мынада. Қызылорда облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы 2013 жылы Шиелі ауданында ауыл шаруашылығы алаптары бойынша түгендеу жұмыстарын жүргізеді. Шара барысында «Байсын» шаруа қожалығының 1525 га егістік жерін «мақсаты бойынша пайдаланбады» деген желеумен заң бұзушылықты жою жөнінде ескерту беріп, кейіннен жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қою жөнінде сотқа береді.
Осы ретте, кәсіпкердің өтінішіне орай Шиелі ауданындағы Кәсіпкерлік қолдау орталығының кеңесшісі Ерлан Құлшықбаев шаруа қожалығының сотта заңдық мүддесін қорғап, «қорғаушылық» қызмет атқарды.
Сот отырысында Кәсіпкерлер палатасының кеңесшісі «Байсын» шаруа қожалығының жер учаскесін еңсерілмейтін себеп негізінде пайдалана алмай отырғандығын дәлелдей алды.
Нақтырақ айтқанда, «Байсынның» егіс танабына су жеткізуші мемлекет меншігіндегі «Қамысты-қақ» каналы 2008 жылдан бері тазаланбаған, оның үстіне су қашыртқысының үстінен өтетін ұзындығы 20 метр латокты су шайып кеткен. Осы себептен шаруа қожалығы жерді уақытында пайдалана алмайды. Дегенмен, 43 км каналды тазалау жұмыстары 2015 жылы басталып 2016 жылы аяқталады деп жоспарлануда.
Сот отырысында, Палата кеңесшісі де осы себепті алға тарта отырып, яғни Қазақстан Республикасының «Жер кодексінде» жер учаскесін еңсерілмейтін күш салдарынан мақсаты бойынша пайдалану мүмкiн болмаған уақыт алып қоятын мерзімдер кезеңіне кірмейді деген негізді қолдана отырып, сотта жеңіске жетті.
Нәтижесінде, шаруа қожалығының бағалық құны 73,7 млн. теңгені құрайтын шаруа қожалығының 1525 га жері өзінде қалдырылды.
Айта кету керек, шаруа қожалығының егіс танаптарын игеруге толық мүмкіндігі бар. Ол үшін техникасы да, егіске қажетті тұқымы да, жұмыс күші де сақадай сай.
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі