БИЗНЕСТЕГІ ӘЙЕЛДЕРДІ СЕМИНАР-ТРЕНИНГКЕ ШАҚЫРАДЫ
Қызылорданың іскер әйелдер кеңесі қыз-келіншектерді «Бизнестегі әйелдер» бағдарламасына қатысуға шақырады. Бұл туралы Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының жанындағы іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Жанна Аманова айтты.
Кеңес төрайымының айтуынша, Еуропа қайта құру және даму банкі 2015 жылдан бері кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған «Бизнестегі әйелдер» бағдарламасын жүзеге асыруда. Осы ретте 19 сәуір күні сағат 15.00-де кәсіпкерлер палатасының алаңында аталмыш бағдарлама аясында «Амбицияның табысқа айналуы» тақырыбында семинар-тренинг өткізілгелі отыр. Жобаны Еуропа қайта құру және даму банкі және Қазақстан үкіметі бірлесіп қаржыландырған. Шараны ұйымдастырушы – Іскер әйелдер кеңесі.
Шара аясында қатысушылар бағдарлама аясында көрсетілетін төмендегі қолдау түрлерімен таныса алады:
1. «Даму» Қорының субсидиялау және кепілдендіру мүмкіндігі арқылы Центр Кредит Банкінен бизнеске несие алу (жаңадан несие алу немесе ескі несиесін қайта қаржыландыру);
2. Консалтингтік жобаларға арналған грант. Гранттың шектік көлемі 10 000 евроға дейін. Аталмыш грант иегері тегін коучинг бағдарламасына да ие болады;
3. Шери Блэр атындағы британиялық әйел-кәсіпкерлер Қорының қолдауымен тәлімгерлік бағдарлама. 1 жылға арналған бағдарлама аясында іскерлік байланыстар орнатып, тәжірибе алмасуға, сондай-ақ бизнес-біліктілікке оқуға болады. Шығындардың барлығын бағдарлама әкімшісі көтереді;
4. Бизнесті жүргізуге арналған түрлі семинар-тренингтер. Жалпы 2016 жылы көшбасшылық, қаржыны басқару, маркетинг т.б. тақырыптар бойынша 5 тренинг өткізіледі деп жоспарлануда.
Шараға қатысып, біліктілігін жеткізгісі келетін қыз-келіншектер қосымша сұрақтар туындаған жағдайда Кеңес төрайымы Жанна Амановамен байланысуына болады (87059019010).
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі