«ЖАРНАМАҒА ҚАТЫСТЫ НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚҰЖАТТАР ӨЗГЕРІСТІ ҚАЖЕТ ЕТЕДІ» - ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР
Кәсіпкерлер палатасы алаңында қазіргі таңдағы кәсіпкерлердің өзекті мәселесіне айналып отырған жарнама құралдарына қатысты талқылау болды.
Мәселеге түрткі болған Кәсіпкерлер палатасына бірқатар кәсіпкерлерден түскен өтініш. Кәсіпкерлермен бірге жауапты мемлекеттік орган өкілдері қатысқан шарада "Жарнама құралы дегеніміз не? Жарнама құралына, соның ішінде сыртқы жарнама құралына не жатады? Кәсіпкердің өз ғимаратында ілген материалдары жарнама құралына жата ма?" міне, осы сұрақтардың төңірегінде қызу талқы болды.
Бұл жерде кәсіпкерлерді түсінуге болады. Себебі өз ғимаратында өзінің тауарларын жарнамалауға былай қарағанда болады. Алайда "Жарнама туралы" Заңды ашып қалсаңыз бұған қатысты нақты ашып айтылмаған, айтылған күннің өзінде бір-біріне кереғар тармақтар. Осыдан келіп кәсіпкерлер мен жергілікті атқарушы орган өкілдерінің арасында түсініспестік туындауда. Бірақ жергілікті атқарушы орган өкілдерінің жасап жатқан жұмыстарын - "түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатырмыз", - деп ішкі істер органдарының өкілдерімен бірге кәсіпкерлік нысанында орналасқан билборд, баннерлерді жарамсыз күйге түсіруін заңды деуге келмейді.
Жалпы заңда "рейд" деген түсінік бар ма? Бұл жерде жергілікті атқарушы орган өкілдері атынан жауапты мекемелердің жоғарыда қабылдаған шаралары қаншалықты заңды? Осы ретте, бұл мәселеге қатысты Кәсіпкерлер палатасы дөңгелек үстелдің қорытындысымен облыстық прокуратураға түсіндірме беруін сұрап хат жолдайтын болып шешілді.
Кәсіпкерлер тарапынан туындаған келесі бір мәселе жарнама құралдарына салынатын салық көлемінің екі есе өсуі. Қазіргі дағдарыс жағдайында кәсіпкерлерге жеңілдік болуы керек дегенді алға тартқан қоғам белсендісі Эрик Теңізбаев тиісті шешімді шығаратын облыстық мәслихатта бұл мәселені талқылауды, мүмкін болса дағдарыс кезінде салық мөлшерін төмендетуді қарастыруды ұсынды. Аталмыш ұсыныс та қолдау тапты. Жақын күндері кәсіпкерлер атынан Кәсіпкерлер палатасы облыстық мәслихатқа ұсыныс жолдайтын болды.
Кездесу жарнамаға қатысты мәселенің «пісіп-жетіліп» тұрғанын көрсетті. Және бұл бір ғана кездесумен мәселенің шешіле салмайтыны да белгілі болды. Осы ретте, аталмыш мәселеге қатысты Кәсіпкерлер палатасы тиісті ұсынысты орталық аппаратқа жолдайтын болады.
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі