«АҚСУ ЕЛІ» КООПЕРАТИВІ ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕ АЛУҒА ДАЙЫНДАЛУДА
Қызылордада құрылған ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтері жұмыстарын бастап кетті. Өңірде құрылған 16 кооперативтің бірі «Ақсу елі» кооперативі қазір көктемгі егіс науқанына дайындалуда.
Жыл басында құрылған кооператив құрамына «Ақсу елі» ЖШС, «Агро -Центр» ЖШС, «Дихан Сауда» ЖШС енді.
Кооператив ауыл шаруашылығы және балық өнімдерін өндірумен, қайта өңдеу, өткізу және сақтаумен, шаруа қожалықтарын өндіріс құралдарымен және материалдық-техникалық ресурстармен, жанар-жағармай материалдарымен, тұқымдармен, тыңайтқыштармен, ауыл шаруашылығы техникасымен және технологиялық жабдықтармен, қосалқы бөлшектермен жабдықтаумен айналысады.
«Біздің шаруа қожалығында 86 отбасының пайы (жері) бар. Дара шаруа қожалығы болып тұрған сәтте инвесторлар табу қиын болды. 1 жылдай егін еге алмай қалдық», - деген кәсіпкер Мақсат Дәулетбеков – «Қазір «Ақсу елі» кооперативінің құрамына еніп, тұқымымыз бен жерімізді, техникамызды дайындап, каналымызды тазартып қойдық. Бүгінгі күнге дейін жоңышқаларды егіп тастадық. Жақын күндері күріш егуге де кіріспекшіміз. Шаруа қожалығында 40 отбасының адамдары жұмыс жасайтын болады. Мұнан өзге әр отбасына 2 гектардан жерді тазартып, тегістеп, дайындап беріп жатырмыз, өздеріне қажетті қауын-қарбызын, өзге де көкөністерін егу үшін. Одан бөлек кооперативке енгелі мемлекеттік қолдауын сезініп жатырмыз. Жақын күндері жеңілдетілген несие алмақшымыз», - деп, ұсақ шаруа қожалықтары бірігу арқылы мәселесін шеше алатындығын жеткізіп отыр.
Айта кету керек, тіркелген 16 кооперативке 78 шаруа қожалықтары енген болса, тіркелу жұмыстары жүргізіліп жатқан 11 кооперативке 42 шаруа қожалықтарын біріктіру жоспарлануда.
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі