ОМАРТАШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТЕДІ
8-9 сәуірде Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы мен БҰҰ даму бағдарламасының Қызылорда облысындағы өкілдігі бірлесіп аймақта бал ара шаруашылығымен айналысатын жеке және заңды тұлғалар арасында «Экологиялық ахуалды жақсарту мақсатында бал ара шаруашылығын дамыту» тақырыбында семинар өткізеді.
Шараға Қазақстанның «Бал-Ара» омарташылар Қауымдастығының вице-президенті Ғабит Нұрәділ, Шығыс Қазақстан облысының омарташысы Сағындықов Нұрлан, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы, тиісті сала мамандары, қаржы институттары мен өңірдегі омарташылар қатысады деп жоспарлануда.
Шара барысында жаңа технологияларды пайдалана отырып бал ара шаруашылығын дамыту, омарташылықты бизнеске айналдыру мәселесі талқыланып, Шығыс Қазақстан облысының бал ара шаруашылығының жұмыс тәжірибесі таныстырылады.
Осы ретте, бал ара шаруашылығымен айналысуға қызығушылық танытушы барлық тұрғындарды және кәсіпкерлерді семинарға қатысуға шақырамыз.
Өткізілетін орны: Қызылорда қаласы, Әйтеке би к-сі 28 (Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының ғимараты, «Дидар» мейрамханасының жаны)
Өткізілетін уақыты: 2016 жылғы 8-9 сәуір, сағат 09.00-дан басталады.
Сұрақтарға жауапты маман: Алма Пирманова
Байланыс телефондары: 40-09-81, 40-08-73 (ішкі нөмір 4314).
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі