ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Ағымдағы жылғы наурыз айында Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңес мүшелерінің келісімімен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының шешімімен Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының директоры лауазымына Жақсылықов Ғалымбек Жақсылықұлы тағайындалды.
Жақсылықов Ғалымбек Жақсылықұлы 1977 жылы Қызылорда облысында туылған. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қызылорда ауыл шаруашылығы техникумын «Шаруашылық қызметіне бухгалтерлік есеп және талдау жүргізу» (1995 ж), Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Агробизнестегі экономика және менеджмент» мамандықтары бойынша (1999 ж) бітірген.
2015 жылдан бері Алматы менеджмент Университетінде МВА бағдарламасының (Іскер әкімшілік магистрі) тыңдаушысы.
Еңбек қызметі
1996-1997 жж. – «Темірхан ТВ» ЖШС-нің журналисі;
1999 ж. – жеке кәсіпкер;
1996-2008 жж. – каратэ-до-ның жаттықтырушысы;
2005 жылдан «Аквалайн» ЖШС-нің құрылтайшысы және директоры;
2008 жылдан «Скиф Трейд» ЖШС-нің Қызылорда облысы бойынша өкілі;
2010 жылдан бастап «Скиф Трейд» ЖШС директорының филиалдармен жұмыс жөніндегі орынбасары.
Қоғамдық қызметі
2005 жылдан «Қызылорда облысының каратэ-до және күрес өнерлері Федерациясы» ҚБ-нің төрағасы;
2010 жылдан «Нұр Отан» партиясының мүшесі;
2012 жылдан Қызылорда қалалық мәслихатының депутаты;
2013 жылдан облыс әкімі жанындағы кәсіпкерлер Кеңесінің мүшесі;
2013 жылдан Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің мүшесі, Өңірлік кеңес төрағасының орынбасары;
2015 жылдан «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының жанындағы Кәсіпкерлерді қорғау жөніндегі өңірлік қоғамдық кеңестің төрағасы.
Отбасылы, екі бала тәрбиелеп отыр.
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі