ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КӨРСЕТУДЕ
Қызылордада жақында ашылған паллиативтік көмек беру бөлімшесін жабдықтауға аймақтың бизнес өкілдері белсенді атсалысуда.
Бұл туралы облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының міндетін атқарушы Дархан Мырзалиев облыстық кәсіпкерлер палатасының бастауымен аймақ кәсіпкерлері тарапынан осы онкоорталығына 3 млн теңгеге жуық көмек берілгендігін, алдағы уақытта да мұндай көмектер өз жалғасын табатындығын жеткізді.
Меценаттар жаңа бөлімге жұмсақ, корпусты, медициналық жиһаздар, тұрмыстық техникалар, жүріс арбасын және өзге де науқастардың қажеттілігіне арналған заттарды алып берді. Өзгелерге үлгі болсын деп, қайырымдылық көрсеткен кәсіпкерлерді атап кеткенді жөн санап отырмыз. Олардың басым бөлігі мұнай-сервистік компаниялар, сондай-ақ «Frac Jet», «НефтьТехСервис», «ПиЭм Лукас Қазақстан», «Дос Инжиниринг», «Сыр Маржаны», «Kyzylorda Wildlife Foundation» ЖШС-тері мен Жандос Қарабала, Қадырберген Бедер, Мақсат Мүбарак, Анвар Якупов.
Кәсіпкерлер бұл көмектерін «емделушілерге моральдық көмек көрсетіп, қолдау білдіргіміз келді. Бұл бастамамыз өзге азаматтар да жалғап алып кетеді деген сенімдеміз» дейді.
- Облыс әкімінің қолдауымен жергілікті бюджеттен бөлінген қаржыға облыста онкологиялық дертпен ауыратын науқастарға паллиативтік көмек көрсетуге арналған 15 орындық хоспис ашылған болатын. Аталмыш ауруға шалдыққан, жағдайы өте төмен азаматтарға арналған мұндай орталықты ашу бұрыннан жоспарымызда бар болатын. Бірақ сәті енді түсті. Көңілге қуаныш ұялатыны, кәсіпкерлердің бірден көмек қолын созып, орталыққа қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз еткендігі», - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназарова.
Айта кету керек, паллиативтік көмек беру бөлімшесінің емделушілеріне Палата жанындағы облыстық Іскер әйелдер кеңесі де көмек көрсетуде. Кеңес мүшесі Айжан Шегенова бастаған нәзік жандылар орталықты бөлме гүлдерімен безендіріп, қабырға суреттерін табыс етті. Сондай-ақ, алда келе жатқан Халықаралық әйелдер күні қарсаңында сұлулық салоны қызметкерлерімен орталықта жатқан қыз-келіншектерге қызмет көрсететіндіктерін жеткізді.
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі