БІР АЙДА КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ БИЗНЕС ӨКІЛДЕРІНІҢ 70 МЛН.ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ҚАРЖЫСЫН САҚТАП ҚАЛА АЛДЫ
2016 жылдың қаңтар айында Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы бизнес өкілдерінің 70 млн.теңгеден астам қаржысын сақтап қала алды дейді Кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы Ирина Ким.
Бір айда Кәсіпкерлер палатасына кәсіпкерлерден 27 өтініш келіп түскен.
ҚР «Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Заңында Ұлттық кәсіпкерлер палатасының негізгі қызметтерінің бірі ретінде кәсіпкерлердің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау көрсетілген. Осы ретте, түскен өтініштердің басым бөлігі сотта кәсіпкерлердің мүддесін білдіруге қатысты, сот процесіне қажетті құжаттарды әзірлеуге қатысты болып отыр.
Мәселен, осы жылдың өзінде кәсіпкерлік субъектілерінің сотта мүддесін білдірген Палата заңгерлері кәсіпкерлердің 12 млн.теңгеден астам қаржысын сақтап қала алды. Мұнан өзге, осы сот процестеріне Палата заңгерлерінің тегін қызмет көрсетуіне орай заңгерге құжат әзірлеуге, қорғаушылық қызметтерге төлейтін 2 млн.теңгеден астам қаржысы да сақтап қала алды.
Мұнан өзге, Палата заңгерлерінің келіссөздер жүргізуі нәтижесінде кәсіпкердің қаржысын төлемей отырған Қордан 58 млн.теңгеге жуық қаржыны жақын күндері төлету мүмкіндігіне ие болды.
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі