АЛМАТЫЛЫҚ КОМПАНИЯНЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАДЫ
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы сот процесінде алматылық компанияның құқығын қорғап қалды.
«EXIMAR» ЖШС 2015 жылдың қараша айында Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы өткізген электронды конкурсқа өтініш берген. Өтінімдерді қарау барысында кәсіпкердің adilet.gov.kz сайтында борышкерлер тізіліміне енгені анықталды. ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағына сай серіктестік мемлекеттік сатып алудың қатысушысы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінеді.
Бұл жерде кінә конкурсты ұйымдастырушы басқармада емес. Кінә сот орындаушыларында. Кәсіпкер атқарушылық өндірістер негізінде толық есеп айырысқан. Бірақ бұл туралы ақпарат уәкілетті органға жолданбаған. Кәсіпкерлер палатасының араласуынан кейін кәсіпкер бүгінде қалыпты жұмыс жасауда.