АРАЛ АУДАНЫНДАҒЫ КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ АРҚЫЛЫ 2406 ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТТІ
Өткен жылы Арал аудандық Кәсіпкерлікті қолдау орталығы арқылы 1005 кәсіпкерге 2406 қызмет көрсетілген. Бұл туралы Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының Арал аудандық филиалы директоры Қадырхан Еңсепов айтты.
Филиал директоры қазір Палата көмегіне жүгінуші азаматтар саны күн санап артып жатқанын, Кәсіпкерлікті дамыту орталығында жоба ұсынушыларға бизнес жоспар әзірлеп, сүйемелдеу жасауға жағдай жасалғандығын айта келе, 2015 жылы ауданның 130 бастамашыл азаматы «Бизнес мектебінде» «Бизнес-кеңесші» бағдарламасы бойынша білімін жетілдіргенін жеткізді.
Солардың бірі Индира Жұмашева. Жастайынан тігін тігуге икемі бар ол сүйікті ісін кәсіпке айналдыру үшін алдымен Кәсіпкерлер палатасынан кеңес алып, біліктілігін жетілдіреді. Сондан кейін Палата кеңесшілерінің көмегімен бизнес жоспарын әзірлейді. Нәтижесінде Индираның жобасы «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы арқылы қолдау тауып, 3 млн.теңге несие алуға қол жеткізеді.
«Мамандығым бойынша тігіншімін. Қазір менің қызметімді тұрақты қолданатын тұтынушыларымның қатары артуда. Айына 100 тұрғынға дейін қызмет көрсететін кезіміз де бар. Шүкір, алған несие өзін-өзі ақтап жатыр. Өз ісімді ашуға көмектесіп, жөн сілтеген, жай ғана жөн сілтемей, сүйемелдеген Палата қызметкерлеріне айтар алғысым шексіз», - дейді кәсіпкер қыз.
Айта кету керек, жыл басталғалы басталғалы Арал ауданындағы Орталық енді кәсібін ашуға талпынып жүрген тұрғындарға 43 кеңес беріп, 30 кәсіпкерге сервистік қызмет көрсетіп үлгерді.
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі