ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ БОЙЫНША 51 ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТТІ
Жыл басынан бері қызылордалық кәсіпкерлер арасында сұранысқа ие қызмет түрі – мемлекеттік сатып алуға қатысты. 15 күннің өзінде 50-ден астам кәсіпкер Палатаның қызметіне жүгінген.
Осы ретте, Кәсіпкерлер палатасы мемлекеттік сатып алу конкурсына қатысу барысында кемшіліктерге жол бермеу үшін бизнес өкілдерінің басын қосып, тиісті сала мамандарының қатысуымен 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілген жаңа редакциядағы «Мемлекеттік сату алу туралы» ҚР Заңына қатысты түсіндірме жұмысын жүргізді.
Шараға Палата директорының м.а.Дархан Мырзалиев, облыстық прокуратура, қаржылық бақылау инспекциясы, облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармаларының өкілдері қатысты.
Шараға қатысушы кәсіпкерлердің басым бөлігін мемлекеттік сатып алудағы техникалық ерекшеліктерге қатысты «қитұрқылар» мазалайды екен. Бұл ретте, Палата кеңесшісі Ғазиз Бисембаев Заңның жаңа редакциясындағы жағымды жаңалықтарды жеткізді.
«Мемлекеттік сатып алуда кәсіпкерлер техникалық ерекшелікке қатысты жиі қиындыққа тап болатын, яғни кей тапсырыс берушілер оны нақты өнім берушіге бейімдейтін жайттар жиі ұшырасатын. Заңның жаңа редакциясына сай техникалық ерекшелікті алдын ала талқылау институты енгізілді. Бұл әлеуетті өнім берушілерге техникалық ерекшелікпен алдын ала танысуға және қажетболған жағдайда конкурстық құжаттаманың «орындалмайтын» шарттарын даулауға мүмкіндік береді», - дейді кеңесші Ғазиз Бисембаев..
Мұнан өзге, жаңа Заң бойынша сатып алуға қатысушыларға конкурсқа қатысу өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталған соң құжаттарды өзара қарау мүмкіндігі де берілді. Дәлірек айтқанда, енді сатып алуға қатысушылар бәсекелестерінің қандай құжаттар салғанын көре алатын болды. бұл тапсырыс берушілер қабылдаған шешімдердің негізділігін бағалауға мүмкіндік беретіні айдан анық.
Сондай-ақ, енді тапсырыс беруші нақты себептерін көрсетпей өтінімдерді кері қайтара алмайтын болды. Егер өтінім берушінің құжаттары талапқа сай келмесе тапсырыс беруші растайтын құжаттарды көрсете отырып, конкурсқа қатысуға өтінімдерді кері қайтару себептерін егжей-тегжей және нақты сипаттауы қажет. Бұл талаптар орындалмаған жағдайда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекске сай лауазымды тұлғалардың әкімшілік жауапкершілігі көзделген.
Сонымен қатар, жаңа Заңның тағы бір жаңалығы бар, яғни мемлекеттік сатып алудың жаңа тәсілі – алдын ала біліктілікті іріктеу конкурсы енгізіліп отыр. Конкурстың бұл түрімен сатып алу екі кезеңмен жүзеге асырылатын болады:1-кезеңде уәкілетті орган Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және өзге коммерциялық емес ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен білікті өнім берушілер тізілімін қалыптастырады. 2-кезеңде тапсырыс берушілер сатып алуды осы тізілімге енгізілген әлеуетті өнім берушілер арасында жүзеге асыратын болады. Конкурс рәсімдерін өткізу талаптары негізінде өткізіледі. Бұл норма 2016 жылдың 1 сәуірінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жаңа Заңда кәсіпкерлердің де жауапкершілігі көзделген. Заңға сәйкес шарт жасасудан бас тартқан әлеуетті өнім берушілерді веб-портал автоматты түрде шарт жасасудан бас тартқан күні тізілімге енгізілетін болады. Мәселен, егер сатып алу жеңімпазы өз электрондық цифрлық қолтаңбасын пайдалана отырып, 3 күннің ішінде шартқа қол қоймаса, төртінші күні ол Мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушылары тізілімінде тұратын болады.
Кездесуде кәсіпкерлер сала мамандарына өзге де сауалдарын қойып, тұщымды жауап ала алды.
Қызылорда облысының
кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі