КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ АУДАННЫҢ СҰРАНЫСЫНА САЙ КӘСІП ТҮРЛЕРІН АШУҒА КӨМЕКТЕСУДЕ
80 мыңға жуық тұрғыны бар Жаңақорған ауданында уақыт өткен сайын салынып жатқан құрылыс нысандарының саны артуда. Сәйкесінше, құрылыс заттарына сұраныс көбейді. Осы ретте, Кәсіпкерлер палатасынан кеңес алған Әсем Шауенова ауданда төсеніш плиткаларын (брусчатка) шығаратын шағын цех ашуға бел буады.
2015 жылы кәсібін ашқан Әсемге Кәсіпкерлер палатасының аудандағы филиалы көмекке келіп, бизнес жоспарын, қаржыландыруға қажетті құжаттарын әзірлеп берді және «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталық арқылы жобасын қаржыландыруға мүмкіндігі бар екендігі жөнінде кеңес берді.
Кәсіпкер қыз несиеге алған 9,7 млн.теңге қаржыға көрші Ресейден престелген төсеніш плиткаларын шығаратын құрылғы алып орнатты. Жаңа аппарат бір күнде 300 кв. метр өнім шығарады. Әзірге қыс мезгілінде тоқтап тұрған кәсіпорынның жазда жұмысы қызады.
Айта кету керек, жеке кәсіпкер қыс мезгілінде 5 адамды, жазда 15 адамға дейін жұмыспен қамтуда. Брусчаткамен қамтамасыз етуге байланысты кәсіпкер аудан әкімшілігімен, аудандық шипажай басшылығымен келісім шартқа отырған. Тіпті көршілес Түркістан қаласынан да өнімді арнайы келіп алып кетеді. Бұл өнімнің сапасының жоғарылығы және бағасының да көңілге қонымды болғанымен байланысты. Кәсіп иесі алдағы уақытта осы жаңа құрылғыны қосу арқылы шаруашылығын кеңейтуді жоспарлап отыр.
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының баспасөз хатшысы