КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНДА 95 ЖҰМЫС ОРНЫН АШУҒА ЫҚПАЛ ЕТТІ
Бұл жөнінде кәсіпкерлер палатасының Қармақшы аудандық филиалының директоры Жамбыл Жұмабаев айтты.
Қармақшы ауданында кәсіппен айналысып, нәсіп тапқысы келгендерге палатаның аудандық филиалы, Кәсіпкерлікті қолдау орталығы айтарлықтай септігін тигізуде.
Биыл палатаның Қармақшы аудандық филиалы қызметкерлері ауданда жалпы құны 257,7 млн. теңгені құрайтын 77 жобаны сүйемелдеп, жаңадан 95 жұмыс орнының ашылуына септігін тигізді.
«Біз жобаларды жай ғана сүйемелдеп қоймаймыз, кәсіпкерлерге ұсынып отырған жобалары бойынша бағыт-бағдар береміз. Бұл жерде аудан тұрғындарының да сүраныстарын ескереміз. Мәселен біздің ауданда билборд, баннерлерді шығаратын жарнама агенттігі болған жоқ. Ол үшін тұрғындар 180 шақырым қашықтықтағы облыс орталығына баратын. Биыл кәсіппен айналысқысы келіп жобасын әкелген кәсіпкер жігітке осы ұсынысты айтып, жөн көрсеттік. Нәтижесінде тұрғындардың сұранысы да қанағаттандырылды, кәсіпкердің қызметі де сұранысқа ие», - дейді филиал директоры Жамбыл Жұмабаев.
Мұнан өзге, Қармақшы ауданындағы филиалдың кәсіпкерлердің құқығын қорғау бағытында атқарған жұмыстары да айтарлықтай.
Мәселен, филиал қызметкерлері аудандық прокуратурамен бірге жеке кәсіпкер Ғалым Шаймановқа Қызылорда облысының еңбек саласындағы бақылау басқармасы тарапынан салынған 79280 теңге айыппұлдың заңсыз екенін анықтап, күшін жойды.
Жалпы кәсіпкерлер палатасының Қармақшы аудандық филиалы биылғы жылдың өзінде 12 кәсіпкердің құқығын қорғап қалды.
Сондай-ақ, кәсіпкерлікті қолдау орталығы арқылы биылғы жылдың өзінде 724 кәсіпкерге 921 қызмет көрсетілді.
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі