«АТАМЕКЕН» ҰКП МЕН ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЙДЫ
Қызылордада өтіп жатқан VI «Байқоңыр инвест» инвестициялық форумы аясында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы атынан Төрағаның орынбасары Нұржан Әлтаев пен Қызылорда облысы әкімдігі атынан облыс әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов келісімге қол қойды.
Келісімге сәйкес 2016 жылдан бастап «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Қызылорда облысының әкімдігі бірлескен «Микробизнес Қызылорда» жобасын жүзеге асыратын болады. жобаға әзірге пилоттық режимде ҰКП 300 млн.теңге, облыс әкімдігі 360 млн.теңге бөлуде.
Жобаның ерекшелігі – ауылдық елді мекен кәсіпкерлерін қаржыландыруға бағытталған. Баршаға аян, ауыл кәсіпкерлері үшін банктерден кәсіпкерлік мақсатқа несие алу әжептәуір қиындық тудырады. Бұл жерде, кепілге қойылатын жылжымайтын мүлікке қойылатын қатаң талап және өзге де кедергілер жеткілікті.
«Бүгінгі қол қойып отырған келісім казіргі «экономиканың ерекше кезеңінде» кәсіпкерлерге қолдау көрсетудің жаңа формасы десек болады. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы келер жылы 4 облысқа 300 млн.теңгеден қаржы бөліп отыр. Бұл біздің инвесторларымыздың бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында ауыл кәсіпкерлріне көрсетіп отырған қолдауы. Аталмыш жоба аясында жаңадан кәсіп түрлері ашылып, жаңа жұмыс түрлері ашылып жатса, бизнестің өркендеуіне қосылған үлес деп білемін», - деді Нұржан Әлтаев.
Айта кету керек, жобаның мақсат-міндеті – микробизнесті дамыту арқылы жаңа жұмыс орындарын құру, жұмыссыздықты азайту, кооперацияның дамуына жағдай жасау, ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу және терең қайта өңдеу жобаларын іске асыру, өндірістік (қоймалар, мал сою цехтары, суытқыш және мұздатқыш камералар, логистика, МЖӘ негізінде МТС құру) және өткізу (Батыс Еуропа-Батыс Қытай трассасында шағын базарлар мен сауда павильондары) инфрақұрылымдарының дамуына жәрдемдесу, ішкі және сыртқы сауда базарлары мен дистрибьюторлық желіні біріктіру.
Жобаның бірыңғай операторы болып «Қызылорда» Өңірлік Инвестиция Орталығы» ЖШС белгіленді.
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі