«АТАМЕКЕН» ҰКП ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ КӘСІПКЕРЛЕРГЕ 300 МЛН.ТЕҢГЕ БӨЛУДЕ
2016 жылдан бастап «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Қызылорда облысының әкімдігі бірлескен «Микробизнес Қызылорда» жобасын жүзеге асырмақ. Өңірлік кеңес төрағасы Асқар Махамбетов жобаны бизнес өкілдерімен кездесуде таныстырып, белсенді қатысуға шақырған болатын.
Бүгін Астана қаласында іс-сапармен жүрген Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасы директорының м.а Дархан Мырзалиев жағымды жаңалықпен бөлісті. «Келер жылы «Микробизнес Қызылорда» жобасына «Атамекен» ҰКП-сы 300 млн.теңге бөлетін болды. 14-15 желтоқсанда өткізілуі жоспарланып отырған «Байқоңыр» инвестициялық форумы аясында Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен облыс әкімдігі келісімге қол қояды деп күтілуде. Бүгінде арнайы құрылған жұмысшы топ аудандарды, елді мекендерді аралап, түсіндірме жұмыстарын жүргізуде», - деді Палата басшысы.
Айта кету керек, жобаның мақсат-міндеті – микробизнесті дамыту арқылы жаңа жұмыс орындарын құру, жұмыссыздықты азайту, кооперацияның дамуына жағдай жасау, ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу және терең қайта өңдеу жобаларын іске асыру, өндірістік (қоймалар, мал сою цехтары, суытқыш және мұздатқыш камералар, логистика, МЖӘ негізінде МТС құру) және өткізу (Батыс Еуропа-Батыс Қытай трассасында шағын базарлар мен сауда павильондары) инфрақұрылымдарының дамуына жәрдемдесу, ішкі және сыртқы сауда базарлары мен дистрибьюторлық желіні біріктіру.
«Микробизнес Қызылорда» жобасы төмендегі қаржы көздері арқылы қаржыландырылады деп жоспарланып отыр:
- «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы;
- Облыс бюджеті;
- Гранттар («Байкоңыр» ӘКК, «Акниет», БҰҰДБ және т.б. бағдарламалар);
- Екінші деңгейлі банктер (коммуналдық меншікті кепілге қою, % төлемді субсидиялау).
Жобаның бірыңғай операторы болып «Қызылорда» Өңірлік Инвестиция Орталығы» ЖШС белгіленді.
Бірыңғай оператор қызметінің негізгі бағыты микробизнестің сарт-ап жобаларын құру, микробизнестің өнімдеріне сұранысты қалыптастыру, ауылшаруашылығы өнімдерін дайындау және қайта өңдеу жобасын құру, өткізу жүйелерін қалыптастыру, өнімді ішкі нарықта өткізуге жағдай жасау.
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі