«БАНКТІК СЕКТОР ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ НЕСИЕЛЕНДІРУГЕ МҮДДЕЛІ ЕМЕС», - ДАРХАН МЫРЗАЛИЕВ
Бұл жөнінде Қызылорда облысы директорының міндетін атқарушы Дархан Мырзалиев кәсіпкерлер алдындағы есепті кездесуде айтты.
Шараға Өңірлік кеңес төрағасы мен мүшелері, облыс әкімінің орынбасары, сондай-ақ, мүдделі мемлекеттік органдардың, даму институттарының, банктердің, ассоциациялар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, барлық аудандар мен Қызылорда қаласынан кәсіпкерлері қатысты.
Айта кету керек, бұндай форматтағы кездесу бірінші рет өткізілуде.
Өзінің хабарламасында Дархан Мырзалиев кәсіпкерлер үшін қаржының қолжетімділігінің төменділігі туралы айтты.
«Қазір кәсіпкерлерді қаржылық ресурстармен қамтамасыз ету мәселесі өзекті, әсіресе ауылдық елді мекенді. Бұл ретте төмендегі мәселелерді айтқан жөн:
Біріншіден, бұл екінші деңгейлі банктердің шағын және орта бизнесті қаржыландыру деңгейінің төмендігі. Соның ішінде Қызылорда облысы бойынша тұтынушылық несиелендіру портфелінің үлесі 60 пайызды құрайды. Бұл республикалық көрсеткіштен 3 есе артық.
Аталмыш көрсеткіш банктік сектордың шағын және орта кәсіпкерлікті қаржыландыруға мүдделі еместігін көрсетіп отыр. Бұл мәселе әсіресе ауылдық елді мекендер үшін өзекті болып отыр. Себебі онда кепілдікті қамтамасыз етуге қатысты талап қатаң.
Екіншіден, өздеріңіз білетіндей, ауылдық елді мекендерде «ҚазАгро» холдингі негізгі қаржылық институт болып табылады. Агроөнеркәсіптік кешен саласында несиелендіру көлемінің артқандығына қарамастан тиісті нәтиже көрінбеуде. Агробизнесті қолдауға арналған құралдардың жеткіліктігіне қарамастан ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің дамуында көзге көрінерліктей нәтиже көрінбеуде. Шағын кәсіпкерліктен ортаға, орта кәсіпкерліктен іріге ауысып жатқандары көп емес.
Үшіншден, кәсіпкерлер жоғары пайызбен несие беруші шағын несиелендіру ұйымдарының қызметін көбірек пайдалануда. Бұл жерде атап өтетін жайт, кәсіпкершер шағын несиелендіру ұйымдарында несиені қысқа мерзімде, жылдам ала алады.
Аталмыш мәселелерді шешу мақсатында ҚР Үкіметіне келесідей ұсыныс берілді.
Барлық өңірлерде шағын және орта бизнеске қолдау көрсететін қаржылық институттар құру.
Қазіргі уақытта Қызылорда облысында «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы» ЖШС құрылған. Аталмыш орталық ауылдық елді мекендерді жеңілдікпен қаржыландыруда. Бүгінгі күнге дейін жалпы құны 303 млн.теңгені ұүрайтын 51 жоба қаржыландырылды», - деді Палатаның басшысы.
Директордың хабарламасынан кейін бизнестің өзекті мәселелері талқыланып, оны шешу жолдары ұсынылды.
Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі