«АЛТЫН САПА» БІЗДІ ЫНТАЛАНДЫРЫП, ЖҰМЫСТЫ ЖЕТІЛДІРУГЕ КӨМЕКТЕСЕДІ» - «ҚАЗГЕРМҰНАЙ» БК» ЖШС
Сапа саласындағы жетістіктер үшін берілетін ұлттық награда, Ел Президентінің «Алтын сапа» сыйлығында биыл Қызылорда облысын екі компания: «Қазгермұнай» БК» ЖШС мен «Жанрос дриллинг» ЖШС таныстыруда.
Бүгін біз «Қазгермұнай» БК» ЖШС туралы айтпақпыз. «Қазгермұнай» – Қазақстанның мұнай шығару секторындағы ірі компаниялардың бірі. Компания өзінің көмірсутек шикізатын барлау, өңдеу, шығару және өткізу қызметтерін және Қызылорда облысының Оңтүстік Торғай ойпатындағы Ақшабұлақ, Нұралы Ақсай кен орындарында жүзеге асырады.
Кәсіпорынға ИСО 9001-2008 мемлекеттік сапа менеджменті енгізілген және Қазақстанның оңтүстік-орталық бөлігінің Оңтүстік-Торғай бассейніндегі 897 кв.км. аумақта мұнай барлау және шығару лицензиясы берілген. Бүгінгі таңда «Қазгермұнай» БК» ЖШС-і Қызылорда облысының ең ірі мұнай шығарушы компанияларының қатарында және Қазақстан Республикасының ең ірі мұнай шығарушы компаниялардың ондығында.
Компания жыл сайын жергілікті әкімдікпен меморандумға отырып, аймақтың әлеуметтік-экономикалық саласындағы өзекті мәселелерін шешуге де атсалысып келеді.
Ұзақ жылдардан бері атқарылған жұмыстың нәтижесін халық алдында ресми көрсету үшін компания басшысылығы «Алтын сапа» байқауына қатысу туралы шешім қабылдайды.
«Алтын сапа» байқауына қатысу бізді ынталандырып, жұмысымызды одан әрі жетілдіруге көмектеседі. Ал жеңіс компанияны жаңа деңгейге жеткізері сөзсіз. Оның үстіне мемлекет тарапынан берілетін жоғары баға – жетістіктеріміздің қатарын толықтырып қана қоймай, жұмысшыларымызды ынталандыратыны сөзсіз», - дейді компанияның бас директоры Жэнь Лисинь.
Кәсіпорын басшысы, байқаудың экономиканың жауапты кезеңінде қоғам мен іскер серіктестер алдында да компанияның беделін өсіретініне сенімді. Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі