СТАРТ-АП ЖОБАЛАРЫН ҚОЛДАУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖАҢА БАҒДАРЛАМА ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
Өткен аптада Даму Қорының Қызылордалық Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында жастардың инновациялық және кәсіпкерлік әлеуетін практикалық қолдау мен кешенді оқыту арқылы старт-ап жобаларын қолдауға бағытталған жаңа бағдарлама өз жұмысын бастады.
Даму Қорының Қызылорда облысы бойынша филиалына 18 бен 29 жас аралығындағы жастардан бағдарламаға қатысуға 40 өтініш түсті, оның ішінен қазылар алқасы 25 өтінішті қатысуға іріктеп алды.
Жоба аясында КҚКО-да тәжірибелі бизнес-тренерлердің басшылығымен 4 күндік кәсіпкерліктің негіздерін оқыту тренингі өтті. Курс бағдарламасына заң саласы, маркетинг, қаржылық және басқа да кәсіпкерлікті құру барысындағы тақырыптар енгізілді. Семинар соңында қатысушыларға оқуды сәтті аяқтағаны жөнінде арнайы сертификаттар табыс етіледі. Сондай-ақ, жас бастауыш кәсіпкерлер қазылар алқасы алдында өздерінің бизнес-жобаларына таныстырылым жасайды, соның нәтижесінде ең үздік 10 жоба ағымдағы жылдың желтоқсан айында жүзеге асырылатын жастардың «Бизнес-идеялар марафоны» старт-ап жобалар Конкурсына қатысуға мүмкіндік алады.
Әрбір бастауыш кәсіпкер өз бизнесін бастағанда бірқатар тосқауылдарға жолығатыны белгілі, сондықтан да жастардың Старт-ап жобаларын құрамына оқыту мен кеңес беру, практикалық қолдау көрсету құралдары кіретін кешенді бірегей қолдауды жүзеге асыру қазіргі таңда аса қажет болып отыр. Дәл осы мақсатта Даму Қоры жас бастауыш кәсіпкерлерді кешенді бірегей қолдауға арналған арнайы Бағдарлама қабылдап, соның нәтижесінде жеке кәсіпкерлер субъектілерінің қатары артып, жас мамандарға арналған жаңа жұмыс орындары ашылады деген үмітте.