ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ КӘСІПКЕР 5 ЖЫЛДАН БЕРІ БИЗНЕСІМЕН АЙНАЛЫСА АЛМАЙ ОТЫР
Кеше Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасында Парламент Мәжілісінің депутаты Алмас Тұртаевтың төрағалығымен Кәсіпкерлердің құқығын қорғау кеңесі өтті.
Кеңесте салық органдарының әрекетінен кейін 5 жылдан бері кәсібін жүргізе алмай отырған кәсіпкердің мәселесі қаралды.
Осы жылдың 22 қазанында Кәсіпкерлер палатасына жеке кәсіпкер Күлшахар Мұстафаевадан салық органының іс-әрекетіне қатысты өтініші келіп түскен болатын.
2006 жылы жеке кәсіпкер ретінде тіркелген Күлшахар Мұстафаеваны 2009 жылы Қызылорда облысы бойынша салық департаменті 2004-2009 жылдардағы қызметіне кешенді тексеру жүргізеді.
Тексеру нәтижесімен кәсіпкерге 2009 жылдың 30 қыркүйегінде 1008607 теңге есептелген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер және өсімпұл туралы хабарлама берілген. Сонымен қатар, Салық департаментімен тексеру актісі Қызылорда облысы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментіне жолданған. Өз кезегінде Қаржы полициясы Мұстафаеваға қатысты қылмыстық іс қозғап, сотқа жолдаған. Алайда Қызылорда қалалық соты істің мерзімінің ескіруіне байланысты іс жүргізуді қысқартқан.
Ал Салық департаменті кәсіпкердің жоғарыда аталған 1008607 теңгені ҚР Салық кодексінде көрсетілген мерзімге сай төлемегені үшін 2009 жылғы 31 желтоқсандағы қаулысымен мүліктеріне, яғни екі жер учаскесі мен пәтеріне билік етуіне шектеу қояды.
Билік етуі шектелген мүлік тізімдемесі салық төлеушінің бухгалтерлік есеп деректерінің негізінде айқындалатын баланстық құны немесе нарықтық құны мүлік тізімдемесінің актісінде көрсетіле отырып жүргізіледі. Бірақ Салық департаментімен К. Мұстафаеваның мүлкінің тізімдемесі жүргізілмей, барлық мүлкіне шектеу қойылған.
Сондай-ақ, Салық департаментімен 2011 жылдан бері кәсіпкердің салықтық міндеттемесін өндіру және шектеу қойылған мүлкіне байланысты ешқандай іс-әрекеттер жасалмаған.
Ал К.Мұстафаевада бүгінде мүлкі шектеуде тұруына байланысты оларды сату арқылы болса да салық міндеттемелерін төлеу мүмкіндігі болмауда.
Кеңес мүшелері отырыста салық органы өкілін осы уақытқа дейін шара қабылдамағаны үшін сынға алды. Кеңес төрағасы Алмас Тұртаев зейнет жасында әрі мүмкіндігі шектеулі бола тұра кәсіппен айналысып жүрген К.Мұстафаеваның жағдайында оған қолдау көрсету керек екендігін баса айтып, Кәсіпкерлер палатасы мен салық органына мәселені жедел түрде бірлесе шешуді тапсырды.
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі