«АЛТЫН САПА» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ЖЕТІСТІГІН КӨРСЕТУГЕ БЕРІЛГЕН ЖАҚСЫ МҮМКІНДІК
Биыл Ел Президентінің сыйлығына арналған «Алтын сапа» байқауына Қызылорда облысынан екі компания қатысуда. Соның бірі - мұнай-газ саласында қызмет көрсетуші көшбасшы компаниялардың бірі – «Жанрос-дриллинг» ЖШС. Бұл туралы Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасынан хабарлады.
Серіктестік бүгінде халықаралық деңгейдегі «Петро Қазақстан», «ҚазГерМұнай», «Саммек Интернешнл» сынды ірі компаниялардың тапсырысын абыроймен орындап келеді. Ал стратегиялық қаржылық серіктестігі - Еуропа қайта құру және даму банкі. Соңғы 5 жылда компания 450 ұңғыманы бұрғылап, 3000-нан астам ұңғыманы жөндеген.
Әрдайым клиенттеріне жоғары сапалы қызмет көрсетуді мақсат тұтатын Серіктестік көп жылдардан бері халықаралық сапа стандартына, «Сапа менеджменті жүйесіне», «Экологиялық менеджмент жүйесіне», «Денсаулық пен кәсіби қауіпсіздік менеджменті» сертификаттарына сай жұмыс жасауда.
Мұнан өзге, тапсырыс берушілердің сұранысын қанағаттандыру мақсатында 2014 жылдан бері бұрғылау белдіктерінде жұмыс процесіне бейне жазба жүргізуді енгізген.
Компанияның сапалы қызметі де түрлі байқауларда жоғары бағаланып келеді. Мәселен, «Жанрос-дриллинг» ЖШС Ұлттық бизнес-рейтинг одағымен екі жыл қатарынан республика көлемінде көш бастап келеді.
Компания басшылығы «Алтын сапа» байқауына қатысуды үлкен жоспарларды жүзеге асыруға жасалған қадам деп біледі. «Алтын сапаға» қатысу - біз үшін компанияның жетістіктерін жоғары республикалық деңгейде көрсетуге, сапа стандартына сәйкестігімізді тексеруге, еліміздегі озат компаниялармен тәжірибе алмасуға берілген жақсы мүмкіндік», - дейді «ЖанРос дриллинг» ЖШС-нің бас директоры Алексей Мылтықбаев.