«КӘСІПКЕРЛЕРГЕ БИЗНЕСІН ӘРТАРАПТАНДЫРАТЫН УАҚЫТ ЖЕТТІ» - АСҚАР МАХАМБЕТОВ
Бұл жөнінде Мемлекет басшысының Қызылорда облысына сапары барысында Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің төрағасы, «Best-ServiсеLTD» ЖШС-нің бас директоры Асқар Махамбетов айтты.
«Мұнай бағасының төмендеуінен кейін көптеген компаниялар бизнесін әртараптандыру мәселесін қарастырып, нақты өндіріспен айналысуы қажет.
«Біз «Best-ServiсеLTD» компаниясы 10 жылдан бері мұнай-сервис саласында қызмет етіп келген болатынбыз. Бірақ қазіргідей жағдайда қызмет бағытымызды өзгертудеміз. Мәскеулік «Будь как дома» желісімен бірге жұмыс жасап, жоба жүзеге асырудамыз. Келесі жылдың қаңтар айынан бастап кондитерлік өнімдер мен жергілікті жартылай фабрикаттарды шығаратын боламыз. Жобаны жүзеге асыру барысында «Нұрлы жол» бағдарламасының септігі айтарлықтай тиюде. Аталмыш бағдарлама аясында «Байтерек» қоры мен «ForteBank» арқылы жеңілдетілген несие алдық. Нәтижесінде 60 жаңа жұмыс орнын ашпақшымыз. Бұл жұмыс орындарына біз бұрынғы жұмыс көлемінің азайып кетуіне байланысты қысқартуға мәжбүр болған қызметкерлерімізді аламыз. Оларды оқытып, тіпті кейбіреуін Мәскеуде арнайы тәжірибеден өткізетін боламыз», - деді.
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі