ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ГРАНТТЫ АЛУ ЖОЛДАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасында «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ-ның ұйымдастыруымен инновациялық гранттарға қатысты семинар өткізілді. Шараға аймақ кәсіпкерлері мен Кәсіпкерлер палатасының барлық аудандағы Кәсіпкерлікті қолдау орталықтарының кеңесшілері қатысты.
Шараны өткізудегі мақсат инновациялық гранттарды беруге қойылатын жаңа талаптарды, гранттарды беру тетіктері туралы кеңінен ақпарат беру.
Биылғы жылдың 27 ақпанында ҚР Инвестициялар және даму министрінің бұйрығымен инновациялық гранттар беруге қатысты өзгерістер енгізілген болатын. 18 қыркүйекте күшіне енген аталмыш құжатқа сәйкес бұдан кейін «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ 100 млн.теңгеге дейін технологияларды коммерцияландыруға арналған инновациялық гранттар бере алады.
Инновациялық гранттар жобаны іске асырудың мынадай кезең шығындардың бір бөлігін төлеу түрінде беріледі:
1) бірінші кезең: өнімнің тәжірибелік лабораториялық үлгісін жасау;
2) екінші кезең: өнімнің эксперементалдық өнеркәсіптік үлгісін жасау;
3) үшінші кезең: өнімнің тесттік топтамасын шығару және сату.
Сондай-ақ, жаңа ережеге сәйкес грант алуға үміткерлер енді алдын ала өтініштерін «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ-на береді.
Бұл жөнінде Агенттік кеңесшісі Ұлдай Жаркенова: «Біз алдын ала қарау барысында көп құжат сқратпаймыз. «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ жанындағы грантты қаржыландыру жөніндегі комиссия ұсынылған жобаның басым бағыттарға сәйкес келуін қарап, оң немесе теріс шешім шығарып береді. Алдын ала қараудан өткен жоба иесі бұдан кейін Агенттікке грант алу үшін толық құжаттар тапсырады. Бұл ретте жобаға қосымша сараптама тағайындалып, нәтижесімен шешім қабылданатын болады», - деді.
Алдын ала өтініштер «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ-ның www.natd.gov.kz сайтында хабарландыру жарияланған сәттен бастап 30 күнтізбелік күн үшінде Агенттіктің электронды поштасы арқылы қабылданады.
Айта кету керек, бүгінде инновациялық гранттардың 9 түрі бар. Отандық кәсіпкерлер жоғары технологиялы өнімдерді өндірудің бастапқы кезеңінде 50 млн.теңгеге дейін, технологияны коммерцияландыруға 100 млн.теңгеге дейін, өнеркәсіптік зерттеуге 30 млн.теңгеге дейін, патенттеу үшін 6 млн.250 мың теңгеге дейін қолдау ала алады. Жұмыс істер тұрған кәсіпорындар басқарушылық-өндірістік технологияларды енгізгені үшін 15 млн.теңгеге дейін, инженерлік-техникалық персоналдың шет елде біліктілігін жетілдіру үшін 2 млн.теңгеге дейін, жоғары білікті шетелдік маманды тарту үшін 9 млн.теңгеге дейін, консалтингтік, инжинирингтік және жобалық ұйымдарды тарту үшін 35 млн.теңгеге дейін, технологияны алу үшін 150 млн.теңгеге дейін гранттар ала алады.
Бағдарлама ҚР Инвестициялар және даму министрлігі арқылы жүзеге асырылуда. Бағдарлама операторы «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ-ы. Толық ақпарат алу үшін 8 /7172/ 571-014 (ішкі 429) телефонына немесе Skype арқылы (natd.grant и natd.grant2) онлайн режимде хабарласуға болады.
Қосымша телефондар 8 /7172/ 57-10-18, 57-10-14, 57-10-16, email: info@natd.gov.kz.
Қызылорда облысының
кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі