ШАЙДЫҢ ТҮР-ТҮРІН ДАЙЫНДАЙТЫН ЖАС КӘСІПКЕРЛЕР
Біздің кейіпкерлеріміз жас та болса бизнес саласының қыр-сырын игерген тәжірибелі жастар. Ақжол мен Ерлан бала кезден дос. Мектеп бітірген соң бірі геолог, енді бірі жобалаушы мамандықтары бойынша білім алған жастар студент күндерінен бастап мейрамханалар мен кафелерде жұмыс жасайды.
«Студент күндерде жинақтаған тәжірибе өз ісімізді бастауда көмекке келді. Қазір адамдар жақсы тамақ ішіп, жайлы тұрмыс кешкісі келеді. Сондықтан біз Ерлан екеуміз ақылдаса келе жеке кафе ашуды ұйғардық және осы ойымызды жүзеге асыру үшін облыстық Кәсіпкерлер палатасынан кеңес алдық. Кейіннен досыммен бірге ортақ қаржы шығарып осы ісімізді бастадық», - дейді жас кәсіпкер Ақжол Нажмуддинұлы.
Айта кету керек, 21 жастағы жастар бизнестерін ашу барысында ғимаратты жөндеу, көркемдеу, безендіру жұмыстарының барлығын өз қолдарымен жасаған. Қазір де lounge-bar-ға келушілерге қызметті өздері көрсетеді.
Жалпы Қазақстан шай ішу жағынан ТМД аумағында ең алдыңғы орында, ал әлемде үздіктер шоғырында келе жатыр екен. Сондықтан жас кәсіпкерлер әлем елдерінің шай демдеу тәсілін жетік меңгеріп алған. Сонымен қатар, дәмі тіл үйірер кофенің де түр-түрін әзірлейді.
«Біз шайды өте жақсы көретін халықпыз. Сол себепті біз де өз мейрамханамызда шайдың түр-түрін дайындаймыз. Соның ішінде египет шайы, ташкент шайы, түрік шайы, өзбек шайы және шайдың өзге де түрлерін әзірлейміз. Өзге lounge-bar-лардан ерекшелігіміз де осында», - дейді Ерлан Әбезов.
Жас кәсіпкерлер алдағы уақытта қызмет түрлерін кеңейтуді көздеуде.
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі