ӘЛЕУМЕТТІК-ЕҢБЕК ҚАТЫСТАРЫНДАҒЫ МЕДИАЦИЯ
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы алаңында «Әлеуметтік-еңбек қатыстарындағы медиация» тақырыбында семинар-тренинг өтті.
Аймақтың бизнес өкілдері қатысқан шараны БҰҰ-ның Даму бағдарламасы аясында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырды.
Медиатор — бұл сот жүйесіне жатпайтын және сот көмекшісі болып табылмайтын кәсіби делдал. Медиаторға жанжалдарды реттеуге азаматтардың өздері жүгінеді. Ол өз кезегінде олардың дауларын талқылау барысында тараптарды өз кезегінде шешім табуға көмектеседі.
Айта кету керек, Қызылордада медиаторлық институт кенже дамыған. Ұйымдастырушылардың шараны өткізудегі мақсаты аймақта бітімгершілік институтын дамыту үшін қызылордалықтарды кеңінен ақпаратпен қамтамасыз ету. Ал Кәсіпкерлер палатасының алаңында өткізудегі мақсат – бизнес өкілдерінің өзекті мәселелерін сот процесіне дейін жеткізбей, оң шешілуіне жағдай жасау болып табылады.
Шара барысында:
- Қазақстандағы даулы мәселелерді шешудің баламалы тәсілдері;
- Бітімгерлік. Түсінік. Түрлері. Қолдану аясы;
- ҚР «Медиация туралы» Заңы;
- Медиаторлардың мәртебесі. Кәсіби және кәсіби емес медиаторлар;
- Ұжымдағы даулы және жанжалды мәселелер. Даулы және жанжалды мәселелерді ҚР Еңбек Кодексі аясында реттеу;
- Жанжалды жағдайды басқару.
- Медиатордың құралдары: белсенді тыңдау, сауал қоя білу шеберлігі, алынған ақпаратқа талдау, ақпарат алу үшін сұхбаттаса білу т.б.;
- Басқарушылардың медиаторлық құзыреті сынды мәселелер талқыланды.
Жалпы құрылған сәттен бастап Кәсіпкерлер палатасына жергілікті бизнес өкілдерінен құқығын қорғау жөнінде 243 өтініш түскен. Палаты қызметкерлерінің жасаған жұмыстарының негізінде 181 кәсіпкердің құқығы қалпына келтіріліп, 700 млн.теңгеден астам қаржысы өздерінде қалған.
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі