КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСКЕ БИЗНЕС ӨКІЛДЕРІН ЕНГІЗУДІ ҰСЫНУДА
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы кәсіби техникалық колледждердегі қамқоршылық кеңеске бизнес өкілдерін қосуды ұсынуда. Бизнес өкілдері енген қамқоршылық кеңес аталмыш оқу орындарының күрделі мәселелерін жергілікті билікпен бірге шешуге мүмкіндік береді деп күтілуде. Нақтырақ айтқанда, оқу орынның материалдық-техникалық базасы нығайтылып, оқытушы құрамның сапасы артпақ, ең бастысы колледждердің даму стратегиясы жетілдірілетін болады.
Бұл ретте Кәсіпкерлер палатасы пилоттық жобадан сәтті өткен Қызылорда индустриалды-техникалық колледжінің тәжірибесін алға тартады.
Өткен жылдан бері Кәсіпкерлер палатасымен колледжді корпоративті басқару жобасы тиімді жүзеге асырылуда.
Жобаның артықшылығы: біріншіден, мамандарды әзірлеуге бизнес-қоғамдастықты кеңінен тарту, екіншіден, кәсіби-техникалық сала мамандарын дайындауға арналған мемлекеттік тапсырыстарды осы колледждерге бағыттау, үшіншіден техникалық және кәсіптік бағдар беретін оқу орындарында дуальдіқ білім беру жүйесінің принциптерін енгізуде.
Кәсіпкерлер палатасы облыстық білім басқармасымен бірге жобаны пилоттық режимде жүзеге асырған болатын. Ол үшін Қызылорда индустриалды-техникалық колледжі, негізгі бағыты ретінде сервис пен қызмет көрсету саласы таңдалып алынды. Жоба аясында «Тамақтануды ұйымдастыру», «Маркетинг», «Тоңазытқыш құрылғыларын жөндеу және қызмет көрсету» мамандықтарына дуальдіқ оқыту жүйесі енгізілді.
Қызылорда индустриалды-техникалық колледжін корпоративтік басқару үшін «Best Servise LTD», «РАИМ», «K-group» ЖШС-тері құрылтайшылары болып табылатын арнайы Сервис пен қызмет көрсету саласындағы кәсіпкерлер Қауымдастығы құрылды.
Аталмыш колледжді қамқоршылығына алған Қауымдастық, атап айтқанда Қауымдастық құрылтайшысының бірі, Өңірлік кеңес төрағасы Асқар Махамбетов оқу орнының материалдық-техникалық базасын нығайту үшін өз қаржысына жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеткізді. Алдағы жылы бюджеттен бөлінетін қаржы есебінен колледжге күрделі жөндеу жүргізілмек.
Мұнан өзге, Қауымдастық құрылтайшылары өткен оқу жылында дуальдіқ жүйе бойынша білім алып жатқан студенттерге өздерінің кәсіпорындарын өндірістік база ретінде ұсынып, практикалық тәжірибеден өтуіне барлық жағдай жасады.
Айта кету керек, облыста дуальдіқ оқыту жүйесі бойынша 407 студент білім алып жатыр.
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі