ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ КӘСІПКЕР «САУДА НАРЫҒЫНЫҢ ҮЗДІГІ»
Ағымдағы жылғы 22-24 қыркүйекте XIV Қазақстан – Ресейлік «Еуропа-Азия. Шекарасыз ынтымақтастық» халықаралық көрмесі аясында Ақтөбе қаласында өткен республикалық «Сауда үздігі - 2015» байқауында Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының «Нұр» орталық әмбебап базары «Үздік сауда нарығы» номинациясы бойынша І орынға ие болды.
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Қазақстанның Сауда кәсіпорындары қауымдастығы ұйымдастырған аталмыш шара еліміздегі сауда инновациялық қадамдар жасап, өз ісінде табысқа жеткен сауда ұйымдарын анықтап, тәжірибесін таратуды, сауда орындары қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыруды, сауда саласындағы қызмет көрсету сапасын арттыруды көздейді.
Айта кету керек, байқауда Қазақстанның барлық облысынан қатысуға өтініш білдірген 32 кәсіпкер «Үздік бөлшек сауда кәсіпорны», «Үздік шетелдік компания», «Үздік көтерме сауда кәсіпорны», «Үздік сауда нарығы», «Үздік сауда ойын-сауық орталығы, кешені, сауда үйі», «Үздік жол бойы сервисі», «Үздік демалыс орны», «Жылдың үздік басшысы» номинациялары бойынша сынға түсті.
Байқау қарсаңында «құпия сатып алушының», сондай-ақ комиссия мүшелерінің сауда ұйымындағы тауарлардың сапасына, бағасына, отандық өнімдерді қолдауына, қызметкерлердің біліктілігіне берген бағасының негізінде Жаңақорған ауданындағы «Нұр» орталық әмбебап базары «Үздік сауда нарығы» номинациясы бойынша І орынды жеңіп алды.
320 орындық «Нұр» базары 1992 жылдан бері жаңақорғандықтарға қызмет көрсетіп келеді. Жиырма жылдан бері отбасылық бизнеспен айналысып келе жатқан Асенов Аблан байқауға әзірлік барысында Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының жан-жақты көмек көрсетіп, қолдау білдіргендігіне ризашылығын жеткізуде.
Айта кету керек, аталмыш сауда ұйымының байқауға қатысуы барысында сүйемелдеген Кәсіпкерлер палатасының қызметкері Гүлдана Таңатова да шара барысында марапатталды.
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі