СҰРАНЫСҚА ИЕ ҚАЗАЛЫ КОНФЕТТЕРІ
Кеңес Одағы кезінде «Қазалы кірпіш зауыты» этикеткасымен танымал Қазалы конфеті бүгінде жаңаланып, сөрелерге қайтадан түсе бастады.
50 жылға жуық тарихы бар Қазалы конфетін шығаратын зауыт 90-шы жылдардың тоқырауында жабылып қалған болатын. 2012 жылы кәсіпкер Нұрбек Қазбергенов өнімді жаңалап, «Қазалы конфеттері» цехын ашты. Конфетті шығарушылар бұрынғы дәмін сақтап қана қоймай, оны жетілдіре түскен. Қазірдің өзінде цехта күніне 500 кг-нан аса өнім өндіріледі. Тұтынушылары әзірше Қызылорда, Ақтөбе облыстарының тұрғындары.
Биыл Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен өткізілген «Қазақстанның үздік тауары - 2015» өңірлік көрме-байқауына қатысып, «Үздік азық-түлік тауарлары» номинациясы бойынша жүлдегер атанған Нұрбек Қазбергенов «байқау өнімімнің танымалдылығын арттыра түсуде», - дейді.
«Қазалы конфеттерін бала күнімнен білемін. Қазір жергілікті дүкендерге қайта түсе бастағанына қуаныштымын. Дәмі ерекше. Балалық шағымды есіме түсіреді», - дейді қызылордалық Айбек Сәтмаханов.
Қазір 17 адамды жұмыспен қамтып отырған кәсіпкер бизнесін ұлғайтуды жоспарлауда. Нәтижесінде цехта 10-нан астам өнім түрлері өндіріледі деп күтілуде.
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі