АШЫҚ ӨТІНІМІ
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында кіші және орта бизнес субъектілеріне қатысты салық саясаты мәселелері бойынша қоғамдық тыңдау өтті. Тыңдау қортындысымен өтінім қабылданды.
Қазақстан Республикасы
Парламент Мәжілісінің
төрағасы Жақыпов Қ.Қ. мырзаға
«Нұр Отан» партиясының
депутаттық фракциясы
басшысының бірінші орынбасары
Дьяченко С.А. мырзаға
«Халық коммунистері»
партиясының депутаттық
фракциясының басшысы
Косарев В.Б. мырзаға
«Ақ жол» Қазақстанның
демократиялық партиясының
депутаттық фракциясының басшысы
Перуашев А.Т. мырзаға
Салық саясатын, салықтық және кедендік әкімшілік етуді негізсіз қатаңдату мәселесі бойынша бизнес қауымдастықтың
АШЫҚ ӨТІНІМІ
Қазақстан Республикасының бизнес қауымдастығы Үкімет тарапынан жүргізіліп отырған салық салудың және салықтық әкімшілік ету жаңа саясатына алаңдауда. Қазіргі экономикалық даму жағдайында бұл саясат отандық кәсіпкерлерді ЕАЭО мүше мемлекеттердегі бизнес алдында тең емес жағдайға апарып, қазақстандық бизнесмендердің ішкі және сыртқы нарықтарда бәсекеге қабілеттілік мүмкіндіктерін төмендетеді.
Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа отандық кәсіпкерлікке қолайлы жағдайлар жасау мақсатында кейінгі уақытта қабылданған түбегейлі шешімдеріне бизнес қауымдастық шексіз алғыс білдіруде.
Соңғы 5 жылда кәсіпкерлік қызметті реттеудің мемлекеттік жүйесінде айтарлықтай оң өзгерістер жасалды.
Мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүйесі және бизнесті қорғау процесстерінің әділдігін қамтамасыз ететін жүйелер түбегейлі өзгертілді.
Кәсіпкерлік субъектілеріне рұқсат құжаттарын беру жүйесі жеңілдетілді және көлемі айтарлықтай қысқартылды.
Девальвациялық үрдістердің туындауын ескере отырып, өнімді қайта өңдеу саласына қолдау көрсету мақсатында ҚР Ұлттық қордан көлемді қаражаттар бөлінді.
Инвестициялық бастамаларға қолдау көрсету заңнамасы өзгертілді.
Бизнеске қолдау көрсету бағдарламалары белсенді түрде іске қосылып, қолдау көрсетудің жаңа инструменттері енгізілді. Ең маңыздысы, бизнес ортаға ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы арқылы бизнеске қаржылай емес қолдау көрсету инструменттерінің бір бөлігі берілді.
Мемлекет басшысының жариялаған 5 институционалдық реформасын бизнес қауымдастық үлкен қуанышпен қабылдады.
Бұл аталып отырған реформалар еліміздегі экономикалық өсімнің қозғаушы күші болуы тиіс, сондай-ақ отандық индустрияның және қолданбалы ғылымның дамуын жеделдететініне сенімдіміз.
Осы реформалар аясында белгіленген барлық шараларды жүзеге асыруда бизнес қауымдастыққа үлкен мүмкіндікер ашылатыны сөзсіз.
Тіпті қазіргі уақытта туындап отырған қиын макроэкономикалық жағдайларға қарамастан (мұнай бағасының төмендеуі, қазақстандық өнім шығарушылар үшін тауар өткізу нарығының қысқаруына алып келген Ресейдегі девальвациялық үрдістер, теңге бағамының еркін ауытқуы) Қазақстан кәсіпкерлері оң нәтижелерге деген үмітті жоғалтқан емес.
Қазақстандық бизнес отандық кәсіпорындарды және жалпы елді өркендету жолында жұмыс істеуге дайын әрі бұл жұмыстарды жасауға әзір. Өндірістердегі технологиялар мен басқару деңгейі отандық бизнесті шетелдік бәсекелестік ортамен тең болуға мүмкіндік жасауда.
Жоспарланған және қабылданған барлық реформалар мен бағдарламалардың тиімді жүзеге асырылуы біз үшін өте маңызды болып табылады. Ал қолданыстағы бизнеске әкімшілік ету жүйесін қатаңдату бағытында еш өзгерістер жасалмады.
Алайда, қазіргі уақытта бірқатар ведомствалар қолданып отырған қадамдар, өкінішке орай Үкімет, сондай-ақ ҚР Президент Әкімшілігі тарапынан қолдау тауып отыр. Біздің ойымызша, бұл қадамдар 5 институционалдық реформалар аясындағы стратегиялық мақсаттардың жүзеге асырылуына кедергі болатынымен қоса, отандық бизнестің жетістіктерін он жылға кейінге шегеріп тастау қауіпі бар.
Мұндай қадамдардың бірі жаңа салықтарды енгізу саясаты мен салықтық және кедендік әкімшілік етуді қатаңдату болып табылады.
Экономикалық және әлеуметтік салдарларға жіті талдау жүргізбестен, күрделі есептемені жасамастан, экономикаға кері әсерін тигізетін тәуекелдерді қабылдауға жол беріліп отырғаны бизнес үшін түсініксіз болып отыр.
Бүгінгі күні 5% көлемінде (ҚҚС-ның шамамен 20-25% ) сатудан алынатын салық, 5-12% көлемінде бөлшек салық салу, пайдалы қазбалар өндірушілерге салынатын салық мөлшерін 40 есе өсіру көзделуде.
Жобаны жасақтаушылар акцизделетін өнімдерді сатушыларға талапты күшейту арқылы салық заңнамасына өзгеріс енгізуді қалап отыр. Әйтпесе, бизнесінің деңгейіне қарамастан POS-терминал арқылы есеп жүргізуді міндеттеу әрекетін бұдан басқа қалай атауға болады?! Мұнымен қоса, акцизделетін тауарларды жыл сайынғы лицензиялау құнын енгізбек.
Бизнесмендердің қаржылық шығынын көбейтетін міндетті медициналық сақтандыру жүйесін енгізу мәселесі бір бөлек әңгіме.
Қазіргідей күрделі экономикалық жағдайда салық және кедендік әкімшілендіруді күшейту мәселесін көтерудің қалай мүмкін болуы түсініксіз? Өйткені, аталған салықтық шығындар кәсіпкерлерге қаржылай қиындықтар туғызатыны әмбеге аян. Кәсіпкерлердің бәсекеге қабілеттілігі, қазақстандық экономиканың инвестициялық жағымдылығы төмендейді. Инфляцияның көлемінің және көлеңкелі экономиканың өсу тәуекелділігі, сондай ақ, салық салу базасының қысқаруы ықтимал.
ҚҚС бойынша тіркеу есебінің шектік мөлшерін азайту елдегі кәсіпкерліктің 90 пайызын құрайтын шағын және орта бизнес субьектілері үшін салықтық шығындарды 2 есе көбейтпек. Ал, 5% көлемінде сатудан алынатын салық салу 500 мың шағын мекемелердің шығынын шамамен 3 есе арттырмақ.
Есептеп көргенде, салық режимін қатаңдату, сатудан алынатын салық енгізу шағын кәсіпкерлер үшін салық шығынын жеті есе көтермек.
Ал, импорттық тауарларға жолдама жұк құжаты рәсімдеуді енгізу кәсіпкерлер үшін бұрынғыдан да зор өндірістік емес шығындарды көбейтпек.
Салық саясаты мен салық, кедендік әкімшілендіруге қатысты жаңа ереже талаптар жыл бойы талқыланған болатын.
«Атамекен» ҚР ҰКП қатысуымен кәсіпкерліктің ортақ ұсыныстары әзірленген болатын. Алайда бүгінгі күні тұжырымдамалық сипаттағы осы ұсыныстардың басым бөлігі,мемлекеттік органдар тарапынан ескерілмеді.
Өкінішке орай, Үкіметтің заңнамалық пакеті еліміздің Парламентіне қарауға ұсынылған, алайда бизнес қауымдастық Үкімет ұсынып отырған жаңашылдықтармен келісе алмайды. Сонымен қатар, Үкіметтің бірқатар бастамалары еліміздің жоғарғы заңнамалық органында талқылауға енгізуге әзірленуде.
Ал бұл дегеніміз, келесі жылдың басында осы қабылданған шешімдердің кері салдары ел экономикасынан байқалады деген сөз.
Құрметті депутаттар!
Біз, кәсіпорын басшылары мен бизнес қауымдастық мүшелері барлық бизнес қауымдастық атынан ҚР Парламентін біздің атап отырған, яғни салық және әкімшілік ету саясатын қатаңдатумен байланысты туындауы мүмкін салдарларды ескере отырып, тәуекелдерге назар аударуын сұраймыз. Заңдарды қабылдауда жалпы қазақстандық қоғамның экономикалық негізін құрайтын еліміздің кәсіпкерлік қауымдастығының пікірін есепке алуларыңызды сұраймыз!
Аталған жағдайлардан соң, көптеген мекемелер қызметін тоқтатыны анық. Әсіресе, 1 қаңтардан бастап жыл сайынғы лизенциялық төлемді енгізу үйінде шағын дүкені бар 7 мың шағын кәсіпкердің қызметін тоқтатып, лицензиясын тапсыруына әкеп соғуы ықтимал. Біздің есебіміз бойынша, 3-4 млрд теңгенің салық түсімі жасалмайтындығын көрсетеді.
10 мың кәсіпкердің қызметіне жүргізілген зерттеу жұмыстары мекемелердің 28% ның өз қызметін тоқтатқандығын көрсетіп отыр немесе олар өз бизнесін сатуға құлықты. Ал, 28% бизнес субьектілері инвестициялық бағдарламалардың белгісіз мерзімге тоқтатуға мәжбүр болған.