БЕЛГІЛІ БЛОГЕРДІ ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ КӘСІПКЕРДІҢ БАСЫНА ТҮСКЕН МӘСЕЛЕ ТАҢ ҚАЛДЫРДЫ
Белгілі блогер Денис Кривошеевті Қызылордаға сапары барысында кәсіпкер Райкүл Кемалованың басына түскен проблема таң қалдырды.
Қызылордалық кәсіпкер, «Насихат» ЖШС-ның директоры Райкүл Кемалова облыстық кәсіпкерлер палатасына шағымданып келген болатын.
Мәселе мынада. 2015 жылдың 9 ақпанында Қызылорда қаласында орналасқан «Насихат» кітап дүкенінен Қызылорда қаласының ішкі істер басқармасының (бұдан әрі - ҚІІБ) қызметкерлері діни әдебиетті және діни мазмұндағы материалдарды әкелуге және таратуға белгіленген талаптар бұзылды деген айыппен Владимир Соловьевтің «Евангелие от Соловьева» және «Апокалипсис от Владимира» атты екі дана кітабы тәркіленіп, қылмыстық іс қозғаған.
Аталған кітаптарға жүргізілген сот психология-филологиялық сараптама қорытындысына сәйкес қылмыстың құрамы болмауына байланысты, ҚІІБ ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 490-бабының 3-бөлігі бойынша әкімішілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырған.
Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының 2015 жылғы 24 маусымдағы Қаулысымен тәркіленген екі дана кітаптар діни кітап деп танылып, «Насихат» ЖШС-не қатысты ӘҚБК 490-бабының 3-бөлігі бойынша қызметін үш ай мерзімге тоқтату және екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салу және «заттай дәлелдеме ретінде алынған және сақтауда тұрған Владимир Соловьевтің «Евангелие от Соловьева» және «Апокалипсис от Владимира» атты екі дана кітабын жою» жөніндегі шешім қабылданған.
Бұл жерде түсініксіз мәселе, аталған сот шешімі бір жақты және материалдар толыққанды зерттелмей асығыс қабылданған. Бұлай деп айтуға негіз де жоқ емес.
Біріншіден, аталмыш кітаптарға сараптама жүргізген Оңтүсік Қазақстан облысы бойынша сот сараптама институты дінтану сараптамаларын жүргізуді қамтамасыз ететін уәкілетті органға жатпайды, яғни аталған сот сараптама институты жүргізуге құзырлы сот-сараптамалар тізбесінде (www.sudexpert.adilet.qov.kz сайтында) дінтану сараптамаларын жүргізу қызметі кіргізілмеген.
Екіншіден, сот отырысында қорғаушы Ш.Исаеваның құқық бұзушы Р.Кемалованың әкімшілік ісі бойынша, діни қызмет саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган «Дін істері комитеті» РММ-іне дінтану сараптамасына қайта сараптама тағайындау туралы өтініші қанағаттандырусыз қалдырылған.
Қазіргі таңда, «Насихат» ЖШС-ы өз тарапынан аталған кітаптарға қайтадан уәкілетті органмен дінтану сараптамасын жүргізіп, кассациялық шағым білдіру мақсатында жұмыстарын жүргізуде.
Мәселенің мән-жайына қанық болған Денис Кривошеев қайта сараптама жасау үшін жоғарыда аталған әдебиеттердің түпнұсқасы бар азаматтар көмек көрсетсін деп өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында арнайы материал орналастырды.
Бүгінде Кәсіпкерлер палатасы жоғарыда көрсетілген кәсіпкердің өз кінәсіздігін дәлелдеуге бағытталған іс-әрекеттері мен құқығы шектелгендігі жөнінде мән-жайлар бойынша прокуратура органдарына шағым жолдады.
Мәселе бүгінде өңірлік және Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қатаң бақылауында.
Айта кету керек, Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының алаңында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкер палатасы басқарма төрағасының кеңесшісі Денис Кривошеев пен Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының директоры Руслан Досмаханов БАҚ өкілдерімен кездесіп, кәсіпкерлердің құқығын қорғауға қатысты баспасөз мәслихатын өткізген болатын.
Руслан Досмаханов Кәсіпкерлер палатасы құрылған сәттен бері кәсіпкерлерден 235 шағым түсіп, соның ішінде 181 кәсіпкердің құқығы қорғалғандығын жеткізді.
Сондай-ақ, Палата сарапшылары 30 сот процесіне қатысып, кәсіпкерлердің мүддесін қорғады. Нәижесінде сот істерінің 80 пайызы кәсіпкерлердің пайдасына шешілді. Кәсіпкерлер палатасы қызметкерлерінің араласуы нәтижесінде 700 млн.теңгеге жуық қаржысын сақтап қала алды.
Баспасөз мәслихаты барысында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкер палатасы басқарма төрағасының кеңесшісі Денис Кривошеев: «Кәсіпкерлік – мемлекеттің негізі саналатын ең басты индустрия», дей келе кәсіпкерлерге деген көзқарасты өзгерту қажеттігін, сол үшін Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қоғамның, кәсіпкерліктің дамуына тұсау болып отырған сыбайлас жемқорлықпен күресуге арналған жобаны қолға алғандығын жеткізді.
«Күні кеше Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Серік Қожаниязовпен кездестім. Облыс басшылығы Кәсіпкерлер палатасы, БАҚ-ы арқылы кәсіпкерлердің өзекті мәселелеріне қатысты түсетін «сигналдардың» барлығын мұқият зерттеп, дұрыс шешім шығарылуы үшін қолдау көрсететіндігін жеткізді. Егер біз бюджетті толтырғымыз келсе, онда билік тарапынан да көзқарас дұрыс болуы тиіс. Бұл ретте кәсіпкерлер де мемлекет алдындағы салық төлеу сынды өздерінің жауапкершілігін сезініп, орындауы қажет», - деді.
Қызылорда облысының
кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі