ҚЫЗЫЛОРДАДА КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ «БИЗНЕС МЕСТЕП» ЖОБАСЫН КЕШЕНДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДА
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы аймақта көлемде «Бизнес мектеп» жобасын сәтті жүзеге асыруда. Құрамында «Бизнес кеңесші», «Тәлімгерлік қағидасын қолдана отырып жобалық оқыту», «Бизнес өсу» жобалары енгізілген кешенді жоба бүгінде қызылордалықтар арасында аса зор сұранысқа ие.
Атап айтқанда, Кәсіпкерлер палатасы жоспар бойынша жыл көлемінде 800-ден астам адамды «Бизнес кеңесші» жобасы аясында оқыту қажет болатын. Бірақ қызылордалықтардың сұранысы негізінде 5 айда 1179 қызылордалық қысқа мерзімді оқу курсынан өтіп, білімін жетілдірген азаматтардың басым көпшілігі кәсібін бастап та кетті.
Бақтыгереев Берден мамыр айында «Бизнес кеңесші» жобасы аясында білімін жетілдіріп, бүгінде автокөліктерге арналған техникалық жөндеу орталығын (СТО) ашқалы жатыр. Кәсіпкердің жобасы жалпы құны 10 млн.теңге тұратын жобасы Қызылорда өңірлік инвестициялық орталығы арқылы қаржыландырылды. Қазір Берден өзінің жеріне орталықтың құрылысын бастап та кетті. Жоспар бойынша техникалық орталық жыл соңына қарай қызылордалықтарға қызмет көрсететін болады.
Бүгінде Кәсіпкерлер палатасы «Бизнес кеңесші» жобасы аясында курстан өткен әлеуетті кәсіпкерлер үшін «Тәлімгерлік қағидасын қолдана отырып жобалық оқыту» жобасы бойынша әр түрлі тақырыптық бағыттар бойынша мастер-кластар өткізуді бастауда. Алғашқы мастер-класс «Техникалық жөндеу орталығын қалай ашуға болады?» тақырыбына арналады. Тәлімгерлік қағидасын қолдана отырып жобалық оқыту 3 аптадан 2 айға дейін өткізілетін болады. жоба аясында Кәсіпкерлер палатасының бизнес-тренерлері кәсіпкерлерге ақпараттық-талдамалық қолдау көрсетіп, қажетті оқу құралдарымен, маркетингтік сараптамалармен қамтамасыз ететін болады.
«Бизнес мектеп» кешенді жобасының қорытынды жобасы «Бизнес өсу» бағдарламасы. Бұл жобаның қатысушылары тұрақты жұмыс жасаушы кәсіпкерлер. Аймақтағы шағын және орта кәсіпкерлер арасында жүргізілген сауалнама негізінде кәсіпкерлерді қызықтыратын курстың тақырыптары анықталды. Қызылордалық кәсіпкерлер бүгінде персоналды басқару, қаржыны басқару, маркетинг т.б. мәселелер бойынша біліктілігін жетілдіруге көмек көрсетуді сұрауда.
Қазір бұл бағытта Кәсіпкерлер палатасының бизнес-тренерлері жұмыс жүргізуде.
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі