ҚАЗІРГІ ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТ ЖАҒДАЙЫНДА БІЗ ТАБЫС КӨЛЕМІН АРТТЫРА АЛАМЫЗ
Бұл жөнінде «Қызылорда аз тонналық мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-нің техникалық директоры Талғат Арыстанов айтты.
«Қызылорда аз тонналық мұнай өңдеу зауыты» ЖШС бүгінде Қызылорда облысы бойынша көмірсутекті шикізаттарды өңдеумен айналысатын бірден-бір кәсіпорын. 2000 жылы құрылған зауыт 2008 жылы шикізатты өңдеуге арналған құрылғы ала отырып, мықты өндірістік базаға айналды. Зауытта мазут, бензин мен дизель отыны өндіріледі. Зауыттың қуаттылығы жылына 100 000 тонна өнім өндіруге жетеді. Кәсіпорын алдағы уақытта зауыттың өнімділігін 400 000 тоннаға дейін жеткізуді көздеуде. Ол үшін кәсіпорынның жоспары аймақтың индустрияландыру картасына енгізіліп, қазір инвестициялау мәселесін шешу шаралары жүргізілуде.
Кәсіпорын мұнай өнімдерін, соның ішінде мазутты Балтық жағалауы елдері мен Еуропаға экспорттаумен айналысады. Мәселен, 2012 жылы 21 мың тонна өнім, жалпы өнімнің 83 пайызы жөнетілді, 2014 жылы – 16 мың тоннадан астам, жалпы өнімнің 53 пайызы жөнетілді, биылғы жылдың өзінде 2,6 мың тоннадан астам мазут елімізден тыс аймаққа экспортталды. Тауарды сату доллар арқылы жүргізіледі.
Бұл жөнінде кәсіпорынның техникалық директоры Талғат Арыстанов «Қазіргі таңда теңгенің долларға шаққандағы құнының төмендеуіне орай кәсіпорындардың ары қарайғы тірлігіне қатысты сұрақтар көбейіп тұр. Салыстыру үшін айтайын, өнімімізді сыртқа экспорттау арқылы долларға сатып отырған біз долларды теңгеге айырбастағанымызда табысымыз 30 пайызға артады. Елімізде азық-түлікке, әлеуметтік қызметтерге бағаның әзірге өспей тұрғанын ескерсек, біздің жұмысшылардың жалақысын көтеруге, сондай-ақ жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын көтеруге мүмкіндігіміз бар», - дейді.
Айта кету керек, «Қызылорда аз тонналық мұнай өңдеу зауыты» ЖШС биыл Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен өткізілген «Қазақстанның үздік тауары - 2015» өңірлік көрме-байқауына қатысып, "Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар" номинациясы бойынша І орынды жеңіп алды. Кәсіпорын бүгінде жыл соңында болатын республикалық көрме-байқауға дайындықты бастап та кетті.
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі