ҚАЗАЛЫДА ЖЫЛЫЖАЙ БИЗНЕСІН ҚОЛҒА АЛУДА
Жылыжай бизнесінен пайда табуға бола ма? Ісін жаңа бастап жатқан, әсіресе ауылдық елді мекен кәсіпкерлерінің басым бөлігін осы сұрақ мазалайды. Осы кәсіп түрімен айналысқысы келетін азаматтар үшін Нұрғалиевтер отбасының бастамасы үлгі болады деген сенімдеміз.
Қызылорда облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Нұрғалиевтер отбасы көкөністер өсіріп, өсіріп қана қоймай табыс табу үшін Қазалыда жылыжай бизнесімен айналысуды көздеп отыр. Осы ретте, Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының кеңесшілері Қазалыда қызанақ пен қиярға, жалпы көкөніске сұраныстың көлемі, тұтынушылар туралы талдау жасап, елді мекендегі азық-түлік дүкендері, базарлары арқылы тауарды өткізуге болатындығын анықтады. Нұрғалиевтер отбасы жылыжай бизнес-шаруашылығына өздерінің жерлерін қолдануды жоспарлауда.
Жылыжай ашу ісі жан-жақты дайындықты қажет етеді. Ол үшін тыңайтқыштар, тұқымдық алып, суғару, жарықтандыру жүйелерін т.б. әзірлеу қажет. Кәсіпкерлер палатасының кеңесшісі Олжас Аяғанов Нұрғалиевтерге бизнес жоспарын әзірлеп берді. Бизнес жоспарға сай жылыжай бизнесіне 4 млн.теңге қажет. Өз кезегінде Нұрғалиевтер Кәсіпкерлер палатасынан «Бизнес-кеңесші» жобасы бойынша курстан өтіп, қазір қажетті барлық құжаттарды әзірлеп, банкке өткізуде.
Кәсіпкерлер палатасы тарапынан жоба толықтай жүзеге асырылғанша сүйемелденетін болады.