«ЖАС КӘСІПКЕРЛЕР БІЗГЕ ҚАРАП БОЙ ТҮЗЕУІ ҮШІН ОСЫНДАЙ ҚАДАМДАР КЕРЕК» - СЕЙІТҚАЛИ АЛШЫНБАЕВ
Елімізде жыл өткен сайын қоғамның әлеуметтік мәселесіне бей-жай қарамайтын, олардың шешілуіне септігін тигізіп жүрген кәсіпкерлер қатары артуда, деп хабарлайды облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында қоғамға септігін тигізіп жүрген азаматтардың еңбегін үлгі етіп назарларыңызға ұсынамыз.
Қызылордалық кәсіпкер, Өңірлік кеңестің белсенді мүшелерінің бірі Сейітқали Алшынбаевты Сыр халқы өте жақсы біледі. Бірақ кәсіпкердің білім саласына 1 млрд.теңгеден астам қаржы салғанын біреу білсе, біреу білмес.
«Осы уақытқа дейін өз қаржымызға 360, 320, 180 орындық үш балабақша және бір мектеп салдық. Бүгінде осы үш балабақшада 860 бала тәрбиеленуде және 300-ге жуық қызметкер жұмыс орнымен қамтылды. Бұған бізді ешкім міндеттеп отырған жоқ», - дейді Сейітқали Бегманұлы - «Балабақша ашу бизнес емес. Мектеп салу, балабақша ашу қыруар пайда әкелетін шаруа емес. Мен мұны азаматтық борышым деп білемін. Әрбір азамат туған еліне осылай қызмет етуі керек деп ойлаймын. Екі жылдың ішінде мен білім саласына 1 млрд. теңге көлемінде қаржы салдым. Мен оны мұнай саласына немесе өзге салаға салсам пайда көрер едім, бірақ бұл біздің еліміз үшін керек, балаларымызға қажет. Бізден кейінгі жас кәсіпкерлер бізге қарап бой түзеуі үшін осындай қадамдар керек», - деген кәсіпкердің бұл шарасы барша азаматқа үлгі-өнеге екені сөзсіз.