БИЗНЕС ЖОСПАР НЕГІЗІНДЕ СЫРБОЙЫЛЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР 40 МЛН ТЕҢГЕ НЕСИЕ АЛҒАН
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы кеңесшілерінің әзірлеген бизнес жоспары негізінде сырбойылық кәсіпкер 40 млн.теңге несие алып, кәсібін жандандырды, деп хабарлайды облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі.
17 жылдан бері кәсіпкерлік саласында жүрген қызылордалық Нұғман Аймаханов полиграфиялық өнімдерді шығарудың қыр-сырына әбден қаныққан маман. Кәсіпкердің цехын кеңейту үшін арнайы заман сұранысына ие техника алу қажет болды. Бұл жерде Нұғманға Кәсіпкерлер палатасы көмекке келіп, сапалы бизнес жоспар әзірлеп берді. Нәтижесінде кәсіпкердің бизнес жоспары «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында қаржыландырылып, 40 млн.теңге несие алу мүмкіндігіне ие болды.
«Бізде Қызылордада мұндай станок жоқ. Ресейден алынған германдық техниканың арқасында сағатына 10 мың дана қағаз шығара аламыз. Бұрын мұндай көлемді тапсырыстарды шығаруға уақыт көп кететін. Тапсырыс тек қана қызылордалықтардан ғана емес, Атырау, Ақтөбе облыстарынан да түсіп жатыр. Бұл құралдың арқасында менің тағы бір маңызды мәселем шешілді: тендерге қатысуға мүмкіндік алдым. Себебі қазір уақыт талабы сондай. Осы ретте, Кәсіпкерлер палатасына алғысымды айтқым келеді. Осы істің басы-қасында болып, көп көмегін көрсетті», - дейді кәсіпкер.
Айта кету керек, жыл басында облыстың аудандарында ашылған Кәсіпкерлікті қолдау орталықтарынан 3714 адамға 6325 қызмет көрсетілді.