ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР «ЖАСЫЛ» ЭКОНОМИКАНЫ ЕНГІЗУГЕ ҚАТЫСТЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы мен «Жасыл экономиканы» қолдау мен G-Global-ды дамыту Коалициясы» Заңды тұлғалар бірлестігі Астана қалаласындағы Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы бағдарламалар Кеңсесімен бірлесіп «Қазақстандағы органикалық ауылшаруашылығын дамытудағы бастамаларды қолдау» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Шараның мақсаты - Қазақстан Республикасының «Органикалық тауарлар өндірісі жайлы» Заң жобасына ұсыныстар әзірлеу, сондай-ақ жасыл технологиялар туралы тәжірибе мен пікір алмасу.
Шараға «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ, орталық атқарушы орган, қаржыландыру институттарының өкілдері, жергілікті сарапшылар, кәсіпкерлер және т.б.қатысты.
Дөңгелек үстелде «Жасыл экономиканы» қолдау мен G-Global-ды дамыту Коалициясы, Астана қалаласындағы Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы бағдарламалар Кеңсесі, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Қызылорда облыстық филиалының өкілдері мен кәсіпкерлер аймақтың ауыл шаруашылығы саласында «жасыл» экономиканы енгізу тетіктеріне қатысты тәжірибелерімен бөлісіп, өзекті мәселелерді ортаға салды, пікір алмасты.
Шара қорытындысымен, облыста «жасыл» экономика элементтерін қолдана отырып, кәсібін жүргізіп отырған «Жаса-Агро» ЖК мен «Жасыл экономиканы» қолдау мен G-Global-ды дамыту Коалициясы арасында Меморандумға қол қойылды.
Шараға қатысты Кәсіпкерлер палатасының директоры Руслан Досмаханов «Қазіргі таңда ел экономикасын дамытудағы басым бағыттардың бірі «жасыл» экономикаға өту кезеңі. Бүгінгі шара «жасыл» экономиканың тиімділігі туралы кәсіпкерлерді кеңінен ақпараттандыру, сондай-ақ оны енгізуде кездесетін кедергілерді кеңінен талқылап, шешу жолдарын қарастыру мақсатында ұйымдастырылып отыр. Біздің облысымызда биыл жалпы құны 10 млн.теңге тұратын «Жаса - Агро» ЖК-нің жобасы Кәсіпкерлер палатасының сүйемелдеуімен «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы» ЖШС арқылы қаржыландырылды. Бүгінде кәсіпкер 20 га жерге тамшылатын суғару тәсілі арқылы бақша өнімдерін егуде. Мамандар аталмыш жерге қажетті судың аз көлемде пайдаланылғандығына қарамастан өнімнің шығымдылығы жоғары екендігін айтуда», - деді.
Қызылорда облысы
кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі