ҚЫЗЫЛОРДАДА КӘСІПКЕРЛЕР 700 МЛН.ТЕҢГЕ ҚАРЖЫСЫН САҚТАП ҚАЛДЫ
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасымен кәсіпкерлерді құқықтық қорғау бағытында 214 өтініш қаралды. Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында түскен өтініштердің көлемі өткен жылмен салыстырғанда 40 пайызға артық. Бұл жөнінде облыстық кәсіпкерлер палатасы баспасөз қызметі хабарлады.
Осы уақытқа дейін 73 кәсіпкердің құқығы қорғалып, мәселелері нақты шешілді. Мұнан өзге, Палатаның қызметкерлері 30 сот процесіне қатысып, кәсіпкерлердің мүддесін қорғады. Нәтижесінде сот процесінің 80 пайызы кәсіпкерлердің пайдасына шешіліп, бизнес өкілдері 700 млн.теңгеге жуық қаржысын сақтап қала алды.
Кәсіпкерлердің құқығын қорғау кеңесінің 7 отырысы өткізілді. Кеңес отырысында қаралған 22 мәселе бойынша 30 кәсіпкердің құқығы қорғалған. Отырыстарда қаралған мәселелерді прокуратура, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаментімен бірге жүзеге асыру нәтижесінде 7 лауазымды тұлға тәртіптік шараға тартылды.
Сонымен қатар, облыстық прокуратура, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаментімен бірге 16 тексеру жүргізіліп, 10-нан аса мемлекеттік органның қызметіне талдау жүргізілді.
Тексерулер барысында 50-ге тарта заң бұзушылықтар анықталып, 15 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Мұнымен қоса, мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасына қоғамдық мониторинг жүргізіліп, 2600-ге жуық кәсіпкердің арасында сауалнама жүргізілді. Қорытындысымен кәсіпкердің мүддесіне қайшы келетін 60-қа жуық заң бұзушылық анықталды.
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы жергілікті және республикалық мемлекеттік органдармен ұсынылған нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын тұрақты түрде қарап, талқылауда. Мәселен, өткен жылы жергілікті атқарушы органдардан түскен 201 нормативтік-құқықтық актінің жобасы бойынша Кәсіпкерлер палатасы ұсыныстар мен толықтырулардан тұратын 65 эксперттік қорытынды берді. Мұнымен қоса, қазіргі қолданыстағы 52 заң бойынша ұсыныс беріліп, 11 нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізілді. Сондай-ақ, Кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлерден түскен өтініштер бойынша проблемалық мәселелердің реестрін қалыптастырып, мәселе шешілгенге дейін тұрақты бақылауға алады.
Палатамен 73 проблемалық мәселенің тізілімі қалыптастырылып, Ұлттық кәсіпкерлер палатасына жолданды. Нәтижесінде жергілікті 29-ы шешіліп, 25-і бойынша түсіндірме берілді. Қалғандары қаралуда.