БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ АЙМАҚТЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ МАҢЫЗДЫ САЛА
Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болу өнімдеріміздің халықаралық нарыққа шығуына мүмкіндік береді. Бұл туралы «Арал» сервистік-дайындау орталығы» ЖШС-нің директоры Нұрбек Аимбетов айтты.
«Біздің кәсіпорынның өнімдері ЕуроОдақ пен жақын шетелдерде жоғары сұранысқа ие. Еліміздің Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелігінен күтеріміз мол. Халықаралық сауда бәсекелестігінде біздің өнімдеріміздің көлемі артып, шет елдік нарыққа шығуға мүмкіндік аламыз деп күтудеміз», - дейді кәсіпкер.
Айта кету керек, балық шаруашылығы аймақтың ауыл шарауашылығындағы маңызды сала. Саланың дамуына «Арал» сервистік-дайындау орталығының қосып келе жатқан үлесі зор. Кәсіпорын Арал теңізінен балықтарды өндіріп, өңдеп тұтынушыларға ұсынуда. Орталықтың базасы қалыптасқан, ЕвроОдақ пен Кедендік Одақ елдері: Ресей мен Белоруссияға өнімдерін экспортқа шығаруға арналған рұқсаттары да бар. Зауыт тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі менеджменті жүйесі бойынша сертификатталған кәсіпорындар қатарында.