ҚЫЗЫЛОРДАНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ 5 АЙДА 4 МЫҢНАН АСТАМ АДАМҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТТІ
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасымен биылғы жылдың 5 айында 4359 адамға 8071 қызмет көрсетілді, деп хабарлайды палатаның баспасөз қызметі.
Кәсіпкерлікке қолдау көрсету орталығының кеңесші мамандары кеңес алуға келушілердің басым бөлігін ауыл шаруашылығы, «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясындағы кәсіпкерлерге арналған жеңілдіктер мен ерекшеліктері туралы ақпараттар қызықтыратындығын, сондай-ақ кәсіппен айналысушылар қатарында жастардың басым екендіктерін жеткізді.
Кәсіпкерлер палатасының қызметін пайдалана отырып, жобасын қаржыландыру мүмкіндігіне ие болғандардың бірі – қызылордалық жас кәсіпкер Әлішер Бәкіров.
Ол «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасының бастауыш кәсіпкерлерге арналға «DAMU Start-Up» жобасы аясында несие алу мүмкіндігіне ие болды.
«Менің ата-анам соңғы 5 жылда азық-түлік дүкенін жалға алып жұмыс жасаған болатын. Ол кісілердің жанында жүріп мен бұл кәсіпті жүргізудің қыр-сырына қанықтым да, осы кәсіп түрімен айналысуға бел будым», - дейді жас кәсіпкер Әлішер Бәкіров – «Ақпан айында Кәсіпкерлер палатасына келіп кеңес алып, «Бизнес-кеңесші» бағдарламасы аясында оқыту курсынан өттім. Мұнан кейін Палата қызметкерлері бизнес жоспарымды әзірлеуге және көмектесті, жобамды «Халық банкі» мен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорында сүйемелдеді. Нәтижесінде жалпы құны 13 млн.теңге тұратын жобам қаржыландырылды. Енді мен өзімнің азық-түлік дүкенімді ашамын».
Айта кету керек, жыл басында облыстың барлық аудандарында Кәсіпкерлікті қолдау орталықтары ашылды. Нәтижесінде қызмет алушылардың саны да артуда. Мәселен, өткен жылы 4425 кәсіпкерге қызмет көрсетілсе, биылғы жылдың 5 айының өзінде бұл көрсеткіш 4359-ға жетіп, көрсетілген қызмет түрлерінің көрсеткіші 2 есеге өсті.