БИЗНЕСТІ ӘРТАРАПТАНДЫРУДЫҢ БІРЕГЕЙ ҮЛГІСІ
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы қызмет түрлерінің басым бағыттарының бірі кәсіпкерлердің жобаларын сүйемелдеу, инвестициялық жобаларға мониторинг жүргізу.
Осы ретте, Кәсіпкерлер палатасының бастамасымен аймақ кәсіпкерлері бизнесті әртараптандырудың бірегей үлгісін қалыптастырған «МИР-2001» ЖШС-нің өндірістік кешенінде болып, жұмысымен танысты, деп хабарлайды палатаның баспасөз қызметі.
Кәсіпорын құрылтайшысы, облысқа қарасты Қармақшы аудандық кәсіпкерлер кеңесінің мүшесі Сейфулла Ажмолдаев кәсібін 2000 жылдардың басында ашқан. Алғашында аймақ тұрғындарын таза ауыз сумен қамтыған кәсіпкер уақыт өте келе бизнесін әртараптандыруды көздейді. Кәсіпкер бүгінде облыста ғана емес, көрші Ресейде де сұранысқа ие темірбетон, пластик өнімдерін, сондай-ақ бөтелкедегі таза су шығаратын кәсіпорын құрды. Өндірілетін өнім құрамына жергілікті шикізаттар қолданылуда.
Мұндағы бетон зауыты - кәсіпорынның «жүрегі» саналады. Зауыт өткен жылдың тамыз айынан жаяу жүргіншілер жолдарына арналған брусчатка, бордюр, плиталар шығаруда. Бұл жерде германдық құрал-жабдық арқылы тәулігіне 300 шаршы метр өнім өндіріледі. Зауыт автоматтандырылған.
Өндірістік кешеннің жұмысын жолға қоюда кәсіпкерге мемлекеттің қолдауы, соның ішінде «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы көмекке келді. «Бағдарламаның барлық механизмін толығымен пайдаландым», - дейді Сейфулла Ажмолдаев - «Өзім Германияда «Іскерлік байланыс» жобасы аясында біліктілігімді жетілдірдім. Орынбасарым бағдарлама аясында Астана қаласында оқып қайтты. Бағдарлама аясында екінші деңгейлі банктер арқылы 46 млн.теңге несие алып, зауыт жұмысын жолға қоюға мүмкіндік алдым. Биыл да Ресейден бірнеше техника алдырдым. Алдағы уақытта өнімдерімізді «ЭКСПО-2017» аясында өзге де шет елдерге шығаруды жоспарлаудамын».
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының директоры Руслан Досмаханов кәсіпкермен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мүшесі ретінде белсенді жұмыс жасап, Палата тарапынан тегін қызмет көрсетіліп жатқандығын жеткізді: «Өндірістік кешенде шығарылып жатқан өнімдердің сапасы өте жоғары. Қажетті шикізаттар Қармақшыдан алынуда (авт.:Қармақшы – Қызылорда облысына қарасты аудан). Менеджмент жоғары деңгейде», - деді.
Кәсіпорын қазірдің өзінде 70-ке жуық азаматты жұмыспен қамтып отыр. Сейфулла Ажмолдаев алдағы уақытта кәсіпорынды кеңейтіп, дүкендер желісін ашуды көздеуде.