КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ «АҚНИЕТ» БАҒДАРЛАМАСЫМЕН БАРЛЫҚ АУДАНДАРДЫ ҚАМТУДЫ ҰСЫНУДА
Бұл жөнінде Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының директоры Руслан Досмаханов аймақ басшысының қатысуымен өткен «Ақниет» бағдарламасының үшінші кезеңін бастауға арналған шарада айтты.
«Ақниет» бағдарламасы «Лукойл Оверсиз Сервис Б.В.» компаниясы мен облыс әкімдігінің бірлескен жобасы. 2013 жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан жоба аясында аймақтың 174 тұрғыны 1 млн.теңге көлемінде қайтарымсыз несиеге ие болды. Негізгі басымдық әлеуметтік маңызды бизнес-жоспарлар: дәстүрлі қол өнері, экология салаларындағы жобаларға, әлеуметтік тұрмысы төмен тұрғындардың бастамаларына беріледі.
Екі жылдан бері бағдарлама аясында облыстың үш ауданында шаштараз, тігін шеберханасы, тұрмыстық техникаларды жөндеуге арналған орталықтар, жиһаз және кондитерлік цехтар, дәріханалар, тіс емханасы, әуез мектебі, балалар ойын-сауық орталығы т.б. ашылды.
Шарада Руслан Досмаханов Мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылған «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бүгінде елде кәсіпкерлер қатарын арттыруға қатысты белсенді жұмыс жасап жатқандығын жеткізе отырып, 2015 жылды «Атамекеннің» «өңірлер жылы» деп жариялағандығын хабарлады.
Осы ретте, облыстың барлық аудандарында Кәсіпкерлікті қолдау орталықтары құрылып, бизнес-мектептер ашылды. Нәтижесінде елді мекен тұрғындары кәсіпкерлік негіздері бойынша біліктіліктерін арттырып, кәсіпкерлік саласына қатысты тұрақты түрде тегін кеңес алу мүмкіндігіне ие болды.
«Мұнан өзге өңірлік Кәсіпкерлер палатасы облыс әкімдігімен бірге «Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың Жол картасы» мен «Экономиканың ерекше кезеңінде кәсіпкерлікті дамытудың Жол картасын» әзірледі. Қазіргі кезде әр ауылдық округте өндірісті қалыптастыру бойынша арнайы карта әзірлеу шаралары қабылдануда. Аталмыш картаны әзірлеу барысында Палата қызметкерлерімен елді мекендерді аралап, талдау жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, кәсіпкерлікті қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламалар түсіндірілуде», - деді Кәсіпкерлер палатасының директоры.
Жоғарыда аталған Жол карталарында негізгі басымдық ауылдық елді мекендерге берілген. «Сол үшін де «Ақниет» бағдарламасының келесі кезеңінің басталуы аса маңызды», - деген Руслан Досмаханов, бағдарламаның бүгінде облыстың 3 ауданында ғана жүзеге асырылып келе жатқандығын айта келіп, облыстың барлық аудандарын қамтуды ұсынды және өз кезегінде Кәсіпкерлер палатасы түсіндіру шаралары бойынша барлық қолдау шараларын жүргізуге дайын екендігін жеткізді.
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі