ҚЫЗЫЛОРДА КЕДЕРГІСІЗ АЙМАҚҚА АЙНАЛУЫ ТИІС
Қазір әлемде мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен қарттардың саны артуда. Бұл – түрлі деңгейдегі апатқа, жарақаттанушылықтың көптігіне, халықтың қартаюына, демографиялық проблемаларға және т.б. себептерге қатысты. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қолжетімді орта қалыптастыру - мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.
Соңғы кезде Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қоғамға бейімдеу шарасы қарқынды жүргізілуде. Осы орайда, Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы «Кедергісіз орта» тақырыбында дөңгелек үстел отырысын өткізді. Шараға «Аbdi company» АҚ, «Экофарм», «Жалбыз» сынды кәсіпкерлік нысандары мен мемлекеттік орган өкілдері қатысты.
Шара барысында облыстық Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Ербол Күмісходжаев: «Бүгінгі кездесуіміздің мақсаты – кедергісіз орта қалыптастыру үшін ғимараттарды кезең-кезеңімен бейімдеудің талаптары мен ережелерін түсіндіру. Біз барлық кәсіпкерлерді өздерінің ғимараттарын мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін де ыңғайлы етіп бейімдеуге шақырамыз», - деді.
Қазіргі таңда облыста әлеуметтік инфрақұрылымдардың қолжетімділігіне қатысты төлқұжаттау шаралары жүргізілуде. Бүгінгі күнге дейін 2000-нан астам мекемелер мен кәсіпорындардың аталмыш мәселеге қатысты жай-күйі зерделенді. Олардың ішінде кәсіпкерлік субъектілері де бар.
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі