ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЕЛДІ-МЕКЕНДЕРДІ АРАЛАУДА
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері аймақтың елді мекендерін аралауда. Бұл туралы облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі хабарлады.
Сапардың мақсаты - кәсіпкерлердің жағдайымен танысу, өзекті мәселелерін анықтау және шешу жолдарын қарастыру. Сондай-ақ, сапар барысында инвестициялық жобаларға мониторинг жүргізілуде. Атап айтқанда, Палата қызметкерлері Қармақшы ауданында – кондитерлік цехты жаңалауға арналған жобамен, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолының бойында «В» санатындағы жол бойы сервисінің нысанын ұйымдастыру жобасымен, құрылыс құмын өндіру жобасымен танысса, Арал ауданында техникалық және ас тұзын өндіруге арналған кәсіпорында, балық өндіру зауытында болып, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолының бойында «В» санатындағы жол бойы сервисінің нысанын ұйымдастыру жобасын көрді. Ал Қазалы ауданында балық өндіру зауытының жай-күйімен танысып, мал бордақылау алаңын салу жобасын көрді.
Мұндай жұмыстар облыстың өзге де аудандары: Жалағаш, Сырдария, Жаңақорған, Шиелі аудандарында жалғасты.
Кәсіпкерлер палатасынан құрылған жұмысшы тобы елді мекендерге сапар барысында «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы арқылы жүзеге асырылып жатқан жобаларды да көрді. Айта кету керек, қазірдің өзінде аталмыш орталықпен жалпы құны 30 млн.833 мың теңге болатын 6 жоба қаржыландырылып, жұмыс жасауда. 23 жаңа жұмыс орны ашылды.
Мұнан өзге, Кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері кәсіпкерлерге Палатамен әр түрлі деңгейдегі жобаларды жүзеге асыру барысында кеңестер беріліп, жобаны жүзеге асыру механизмі, қаржы көздерін тарту, бизнес-жобаларды әзірлеу, рұқсат алу құжаттарын алуда көмек көрсету, серіктестерді іздестіру т.б. бойынша тегін қызметтер көрсетілетіндігі туралы мағлұматтар берді.