КЕЗЕКТІ ӘКІМШІЛІК КЕДЕРГІ ЖОЙЫЛДЫ
Өткен жылдың желтоқсан айында Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасына «Sinooil» ЖШС-нен кәсіпкерлік қызметін жүргізуде мемлекеттік орган тарапынан келтіріліп отырған әкімшілік кедергіге қатысты көмек көрсету жөнінде өтініш келіп түскен болатын.
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2012 жылы «Sinooil» ЖШС-і Қызылорда қаласына қарасты Ақсуат ауылдық округінен автожанармай стансасын салу үшін 1 гектар жер учаскесін алады. 2013 жылы кәсіпкердің дайындаған автожанармай стансасы құрылысының эскиздік жобасы облыс әкімі жанындағы сәулет-қала құрылысы кеңесімен келісіледі.
Алайда, «Sinooil» ЖШС-і «ҚазАвтоЖол» келісім ала алмайды. Себебі аталмыш мекеме кәсіпкерге 2011 жылы берілген техникалық шарт бойынша 2014 жылға дейін ешқандай жоба құрылысының ұсынылмағандығын алға тартады.
Айта кету керек, «Sinooil» ЖШС-і тарапынан автожол стансасы құрылысының топографиялық түсіріліміне, инженерлік геологиялық іздестіру жұмыстары мен эскиздік жобаны дайындау үшін 4 млн. 620 мың теңге, сондай-ақ жер учаскесін пайдалану уақытысында мемлекетке 5 млн. 121 мың теңге жер салығы төленген.
Осы ретте, кәсіпкердің бұл мәселесі Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының жанындағы Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау кеңесінде қаралып, Кеңес мүшелерінің шешімімен «Sinooil» ЖШС-нің «ҚазАвтоЖол» АҚ Қызылорда облысының филиалының іс-әрекетіне қатысты өтініші прокуратура органдарына жолданды.
Бұл жөнінде, Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Дархан Мырзалиев: «Палатамен кәсіпкердің құқығын қорғау бағытында қабылданған шаралардың нәтижесінде «ҚазАвтоЖол» АҚ Қызылорда облыстының филиалы «Sinooil» ЖШС-не жоғарыда көрсетілген жер учаскесіне автожанармай стансасын салуға жаңа техникалық шарт негізінде рұқсат беріп, кәсіпкер жұмысын жалғастыруға мүмкіндік алды», - деді.
Жалпы осы уақытқа дейін Кәсіпкерлер палатасына кәсіпкерлерден 205 өтініш түсіп, оның 173-і оң шешімін тапты.