ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР БЕЛГІЛІ РЕСЕЙЛІК ПРОФЕССОРДАН ДӘРІС АЛДЫ
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының алаңында экономика ғылымының докторы, профессор, РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясы ғылыми кеңесінің мүшесі Сергей Календжян «Өкілеттілік пен жауапкершілікті табыстау арқылы басқару» тақырыбында семинар өткізді. Бұл туралы облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі хабарлады.
Аталмыш шараға шағын және орта бизнес пен мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ кәсіпорындардың қызметкерлері қатысты.
Лектор өткізіп жатқан бұл тақырып бүгінде жоғары сұранысқа ие. Бұл жөнінде лектор Сергей Календжянның өзі мәлімдеді.
- Бұл оқыту шарасы маңызды мәселелердің қарапайым шешімдерін табуға көмектеседі. Оқытылып жатқан бағыттар: аутсорсинг және өзгерістерді басқару, өкілеттілік пен жауапкершілікті табыстау арқылы басқару, бизнес-жоспарлау және жобаларды басқару және т.б. Біздің оқу орнымызда Қызылорда облысынан да студенттер оқуда және олар емтихандарды «өте жақсыға» тапсыруда. Қазір Қызылорда – Қазақстан бойынша оқытылып жатқан студенттер саны бойынша Алматы және Астана қалаларынан кейін үшінші орында тұр, - деді.
«Сергея Огановичті мен көптен білемін. Ол кісі мен бітірген оқу орнының деканы. Қазір ол кісінің беріп отырған білімі мен тәжірибесі сұранысқа ие. Бүгінгі семинарда алған білімімізді істе қолдана аламыз деген сенімдемін», - деді «Фрак Джет» ЖШС-нің директоры Аслан Орынғалиев.
Жалпы, Кәсіпкерлер палатасы аймақ кәсіпкерлерінің біліктілігін арттыруда жүйелі жұмыстар жүргізуде. Атап айтқанда, осы кезге дейін Кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен «Amanie Advisors» компаниясының ТМД бойынша атқарушы директоры, Ислам қаржысы саласында кәсіби түрде жұмыс істеп жүрген еліміздегі бірден бір маман Едіге Алпысбай «Исламдағы «өсім» түсінігі және қаржылық құралдар», Германияның халықаралық ынтымақтастық бойынша неміс экономикалық қорының бағдарламасы аясында SES қызметінен келген эксперт Юрген Штефан Пфайффер маркетингтік стратегия бойынша, Almaty Management University бірінші дәрежелі бизнес-тренерлер Озат Байсеркеев пен Татьяна Иссык адами капиталды дамыту бағытында семинарлар мен мастер-кластар өткізді.