ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР АРДАГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТУДЕ
Бүгінде Сыр өңірінде 90-ға жуық көзі тірі Ұлы Отан соғысының ардагері бар. Жеңіс жалауы желбіреген айтулы мереке қарсаңында қызылордалық кәсіпкерлер Жеңіс күнінің авторлары – ардагерлерге құрмет көрсетуде.
Мәселен, Қызылорда қаласында Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында кәсіпкерлер әкімдікпен бірге ардагерлермен кездесіп, қажеттіліктері бойынша барынша көмектесуде. Осы уақытқа дейін қала кәсіпкерлері 12 ардагерге барлығы 1 млн.теңгеден астам көлемінде қаржылай көмек көрсетіп, 10-ға жуық ардагерге телевизор, кондиционер, үй-жихаздарын алып берді.
Жалпы Қызылордада ҰОС ардагерлеріне көмектер тек Жеңіс күні қарсаңында емес, тұрақты түрде көрсетіліп тұрады. Осындай кәсіпкерлердің бірі – Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің төрағасы, «Best-Servise LTD» ЖШС директоры Асқар Махамбетов 2012 жылдан бері қаладағы 18 ҰОС ардагерін ай сайынғы азық-түлікпен қамтамасыз етіп келеді.
Асқар Махамбетов көмек көрсетіп келе жатқан ардагерлердің ардагер Василий Демченко. Ол «Бұл азаматтарға алғысымды айтқым келеді. Олар бізді үнемі елеп-ескеріп, көмектесіп тұрады. Мәселен, өткен жылы үйімнің сыртын жөндеп берді. Ай сайын ұмытпай азық-түлік әкеп береді», - деп алғысын білдірді.
«Best-Servise LTD» ЖШС азық-түліктен өзге биыл бірнеше ардагерге қаржылай қолдау көрсетуде. Бұл жөнінде «Best-Servise LTD» ЖШС-нің бөлім басшысы Жібек Беисова: «Біз «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының «Ерлікке тағзым!» жобасын толықтай қолдай отырып, өз тарапымыздан Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесіне орай бірнеше ардагерге 70 000 теңгеден қаржылай сыйлықтар жасаудамыз», - деді.
Айта кету керек, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Ерлікке тағзым» әлеуметтік жобасын жүзеге асыруда.
Жобаның басты мақсаты – еліміздегі ардагерлерге әлеуметтік және материалдық тұрғыдан көмек көрсету. Шара республика көлемінде өткізілмек.
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі