ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ОҚУШЫЛАР ТАБЫСТЫ КӘСІПКЕРМЕН КЕЗДЕСТІ
Осы ретте, Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен № 9 мектеп-лицейде Өңірлік кеңес мүшесі, қалалық мәслихат депутаты, «Аквалайн» ЖШС-нің директоры Ғалымбек Жақсылықовпен кездесу өтті. Бұл туралы Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі хабарлады.
Ғалымбек Жақсылықов оқушыларға шағын кәсіпкерлікті ұйымдастыру мәселелеріне қатысты маңызды кеңестер беріп, өзінің тәжірибесімен бөлісті, сондай-ақ оқушылардың сауалдарына жауап берді. Оқушылардың басым бөлігін қызықтырған «Кәсіпкер қандай қасиеттерге ие болу керек?», - деген сауал болды. Бұл сұраққа Ғалымбек Жақсылықов «Кез келген кәсіпкерге әр түрлі адамдармен сөйлесе алу, бастаған істе табандылық таныту және нәтижесі үшін жауапкершілікті ала білу сынды қасиеттер аса маңызды», - деп жауап берді.
Сондай-ақ, шара барысында кәсіпкерлік негіздеріне арналған ойындар ойналып, оқушылар пилоттық пәнде алған білімдері мен машықтарын көрсетуге мүмкіндік алды. Өз кезегінде кәсіпкер Ғалымбек Жақсылықов үздік ойыншыларға экономика саласында білімдерін жетілдіріп, табысқа жетуге бағыт-бағдар беретін, қазақ тіліне аударылған Бодо Шефердің «Қаржылық тәуелсіздікке жол», Питер Друкердің «Друкер күнделігі» т.б. кітаптарды сыйға берді.
Айта кету керек, № 9 мектеп-лицей республика бойынша бірінші рет «Кәсіпкерлік негіздері» сабағы енгізілген, пилоттық жобада жұмыс жасайтын білім ордасы.
- Аталмыш шараны орындау мақсатында Қызылорда қаласының №9 мектеп-гимназиясы пилоттық мектеп болып таңдалып, 5-10 сыныптардың оқу жоспарына «Кәсіпкерлік негіздері» факультативтік пәні енгізілді. Пилоттық жоба аясында оқушылардың табысты кәсіпкерлермен кездесуі жоспарланған. Бүгінгідей шаралар алдағы уақытта тұрақты өткізіліп тұратын болады, - деді кәсіпкерлер палатасының Адами капиталды және әлеуметтік әріптестікті дамыту бөлімінің бастығы Жанна Сқақова.