ШИЕЛІ АУДАНЫНДА КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Облыстық кәсіпкерлер палатасы Шиелі ауданы әкімдігімен бірге І «Шиелі» инвестициялық форумын ұйымдастырды. Форум аясында ауданда кәсіпкерлікті қолдау орталығы ашылды. Бұл облыс бойынша бесінші орталық, деп хабарлайды облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі.
Орталықтың ашылуында облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Руслан Досмаханов сөз сөйлеп, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы елімізде кәсіпкерлердің жұмысын тиімді ұйымдастыру үшін жағдай жасап жатқанын ерекше атап өтті.
- Орталықта көрсетілетін қызмет түрлерінің барлығы да ақысыз. Сондықтан, өз бизнесін ашуға ниетті кез-келген тұрғынның мамандардан кеңес алуына, мемлекеттік бағдарламалар бойынша қаражат көзін табуына жол ашылып отыр, - деді.
Айта кету керек, кәсіпкерлерге қолдау көрсету орталықтарында палата және басқа қаржылық институттардың қызметкерлерімен қатар, жергілікті атқарушы органдардың рұқсат құжаттарын берумен айналысатын бөлімдерінің, халыққа қызмет көрсету орталықтары мен оның бөлімдерінің мамандары жұмыс жасағандықтан, бұл орталықтар аса тиімді болып келеді. Яғни, кез келген кәсіпкер өз мәселелерін ғимараттан шықпай-ақ шеше алады. Орталыққа келген кәсіпкерлер 20-дан астам қызмет түрлерін алады. Сонымен бірге, өз бизнесімен айналысқысы келетін тұлғаларға «Бизнес-мектеп» қызмет көрсетеді.