ҚЫЗЫЛОРДАДА КӘСКЕРЛІККЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУГЕ АРНАЛҒАН 4 ОРТАЛЫҚ ЖҰМЫС ЖАСАУДА
Қызылорда облысының аудандарында Кәсіпкерлікке қолдау көрсету орталықтарын ашу жалғасуда. Мәселен, 14 наурызда Қазалы және Арал аудандарында Кәсіпкерлікке қолдау көрсету орталықтары мен «Бизнес мектептер» жұмысын бастады.
Орталықтардың ашылу салтанатына Парламент Мәжілісінің депутаты Алмас Тұртаев пен Кәсіпкерлер палатасының, ауданның басшылары қатысты.
Бұл - облыстағы 4-ші орталық. Бұған дейін Сырдария, Қармакшы аудандарында ашылған болатын.
Наурыз айының соңына дейін қалған Шиелі және Жаңақорған аудандарындағы орталықтар да өз жұмысын бастайтын болады.
Жалпы Касіпкерлерді қолдау орталығы Палата мамандарымен бірге қаржы институттарының, халыққа қызмет көрсету орталығының және рұқсат беру қызметтерін көрсететін бөлімдердің мамандарының бір Орталыққа шоғырлануымен құнды. Яғни кез келген азамат кәсіпкерлік саласына қатысты мәселесін бір жерден бітіре алады.
Қазалылық Мейірімжан Қаниев жас кәсіпкер. Ол аудан орталығында ұлттық сувенирлік тауарлар шығаратын шағын өндіріс ашуды жоспарлауда. Сондай-ақ, Мейірімжан аудан тұрғындарына жарнамалық-полиграфиялық және интернет-офис қызметтерін көрсетуді де көздеуде.
«Қазір жобаларымды қаржыландыру үшін инновациялық гранттар байқауына қатысуға дайындалып жатырмын. Байқауға арналған құжаттарды жинақтауда Кәсіпкерлер палатасы көмек көрсетуде. Ауданда Орталықпен бірге «Бизнес мектептің» ашылуы аудан тұрғындары және мен үшін де ерекше маңызды оқиға. Аталмыш мектептегі курстарда бизнесті жүргізудің қыр-сырларына қанығамын деп ойлаймын», - деп өз ойымен бөлісті жас кәсіпкер.
Айта кету керек, облыс аудандарында ашылып жатқан Орталықтар алғашқы нәтижелерін беруде. Осыдан 20 күн бұрын Сырдария ауданында ашылған Орталықта бүгінде 150 азаматқа 200-ден астам қызмет көрсетілді.
Қызылорда облысының
кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі