«ТИІСТІ ЗАҢ НОРМАЛАРЫНА ӨЗГЕРІС ЕНГІЗУ ҚАЖЕТ»
Бұл туралы Қазақстан Республикасының Парламенті мәжілісінің депутаты Алмас Тұртаевтың қатысуымен өткен Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы жанындағы Кәсіпкерлердің құқығын қорғау кеңесінде айтылды.
Кеңесте Кәсіпкерлер палатасы сарапшыларының араласуымен сотта жеңіп шыққан бірнеше кәсіпкердің басындағы проблемасы көтеріліп, бұл мәселені жүйелі түрде түбегейлі шешу қажеттілігі айтылды.
Нақтырақ айтқанда, «СырСтройПроектСервис» ЖШС-і облысқа қарасты Жаңақорған ауданы Қожакент ауылындағы клуб ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстарына жоба-сметалық құжаттарын дайындау және мемлекеттік сараптамадан өткізуге тапсырыс алады. Алайда, тапсырыс беруші қызмет түрінің арнайы санаттарды талап ететіне қарамастан, техникалық ерекшелікте қызмет көрсетушінің санатына қатысты мәлімет енгізбеген.
Нәтижесінде келісім-шартты орындаудан бас тартқан Серіктестікті тапсырыс беруші жосықсыз қатысушы ретінде тану туралы сотқа талап арыз берген. Кәсіпкердің өтініші негізінде Кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері сот процесіне қатысып, кәсіпкердің құқығын қорғап қалды.
Мемлекеттік сатып алудың жозықсыз қатысушысы ретінде тану туралы талап-арызбен кездескен кәсіпкерлік суюъектілерінің бірі - «Дарын-Ж» ЖШС-і.
Кеңес отырысында мұндай проблемалармен кәсіпкерлердің жиі кездесетіндігі айтыла келе, алдағы уақытта осы тектес мәселенің алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына тиісті өзгертулер мен толықтырулар енгізу үшін уәкілетті мемлекеттік органған ұсыныс беру жөнінде шешім қабылданды.
Қызылорда облысының
кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі